Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Физика әлемі
Физика 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: " Физика әлемі "
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың физика курсынан алған білімдерін, табиғаттағы физикалық құбылыстардың құпиясы мен сырын аша білуге әрі қолдана білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрістерін дамыта отырып, іскерлік, ептілік, қабілеттерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Ұжымдық әрекетке, қарым - қатынас жасай білуге, өзіндік жұмысқа, ақпаратты тауып қолдана, пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Интеллектуалды ойын, қорытындылау, жүйелеу сабағы
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, плакат, үлестірмелі материалдар, суреттер.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сайыстың жүргізілу барысымен таныстыру.
б) Әділқазылар алқасын сайлау.
● Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен білім мен өнерге құштар оқушылар! Адам баласы тек білім, ғылым арқылы өз орнын табады. “Білігі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады”, “Көптің күші бірлікте” деген дана халық. Болашақ ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендер ғана еліміздің тірегі, сүйініші болады деп ойлаймыз. Сондықтан бүгінгі “Ғажайып физика ” атты сайысымызға қош келдіңіздер!
● Күш, өнер, білімменен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға,
Қанеки, кім шығады сайысуға,– дей отырып, білім жарыстыратын осы сайысымызға қатысатын 10 сынып оқушыларынан құралған “Тапқырлар” мен “Білгіштер” тобын ортаға шақырайық!
Әділ баға беруге,
Шақырайық ортаға
Әділқазылар алқасын – дей отырып ортаға әділқазыларды шақырайық!
Сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейік, сайысымыз сегіз бөлімнен тұрады.

1 - бөлім “Бәйге”. Бұл бөлімде жалпыға бірдей 10 сұрақ оқылады, жалаушаларды тез, бірінші болып көтерген топ жауап бере алады. Егер берілген жауап қате болған жағдайда басқа топтардың жауап беруіне мүмкіндік беріледі. Әр дұрыс жауап 5 ұпай.

2 - бөлім: “Сөз шебері” бөлімі. Бұнда экранға назар аударамыз. Экранда физикалық шамалар берілген. Бұл физикалық шамаларға мақал жазылған. Осы мақалдың 1) Тәрбиелік мәнін ашу
2) Физикалық тұрғыдан түсіндіру керек. Әр бір дұрыс толық жауапқа 5 ұпай беріледі.

3 - бөлім: “Топ басшылар ” бөлімі. Бұл бөлімде әр топ капитандарына барлығына дерлік 15 сұрақ қойылады. Жауапты алдарындағы “Иә” не “Жоқ” сөздері жазылған карточкалар арқылы береді. Әрбір дұрыс жауап 5 балдық жүйемен есептеледі

4 - бөлім: “Жасырын терезе”. Бұл бөлімде тақтада нөмірленген қағаздар беріледі, әрбір топ өздеріне ұнайтын тақырыпты таңдап, соған сәйкесті сұрақтарды аша алады. 10 санында – жеңіл, 20 санында – орташа, 30 санында – қиын сұрақтар жасырылған. Қай санды таңдаса, сонша ұпай қосылады.

5 - бөлім: “Қызықты тәжірибе”. Бұл бөлімде топ мүшелеріне 5 мин уақыт беріледі, сол уақыт ішінде берілген тәжірибені жасап, физикалық мағынасын ашу.

6 - бөлім: “Физик бізде қонақта” сайысы. Бұл, бөлімде экраннан көрінген 3 тақырыптар бойынша әр топ қысқаша өз ойларын ортаға салады. Ең жоғарғы ұпай 5 ұпай. Оны әділқазы алқасы өзі бағалайды.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда деп келесі бөлімімізді бастайық!
Бұл бөлімде топтарға сұрақтар қойылады. Кім бірінші болып жалаушаны көтерсе, сол топ жауап береді.
1) Су құйылған ыдыстың ішінде бір кесек мұз қалқып жүр. Егер ол еріп кетсе, ыдыстағы судың деңгейі өзгере ме? (Өзгермейді)
2) Өз сұйығымен динамикалық тепе - теңдікте болатын бу. (Қаныққан бу)
3) Уақыт өтуіне қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңістікте орын өзгертуі. (Орын ауыстыру)
4) Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (Су толы ыдысқа)
5) Қандай денеде конвекция болмайды (қатты дене, вакуум)
6) Күннің көзі неше рет шығады? (365)
7) Дүниежүзінде ең көп тараған сұйық (су)
8) Денеге басқа дене әсер етпесе өз жылдамдығын сақтау құбылысы? (инерция)
9) Молекулалар арасындағы өзара әсерлесуі елеусіз аз болатын газ? (идеал газ)
10) Электрон грек тілінде қай сөзден шыққан? (янтарь)
2 - бөлім: “Сөз шебері” бөлімі. Бұнда экранға назар аударамыз. Экранда физикалық шамалар берілген. Бұл физикалық шамаларға мақал жазылған. Осы мақалдың 1) Тәрбиелік мәнін ашу; 2) Физикалық тұрғыдан түсіндіру керек. Әр бір дұрыс толық жауапқа 5 ұпай беріледі.
F: Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады. (Отты үрлеген кезде, отқа жаңадан таза ауа келеді де оттың жақсы жануына себепші болады.)
m: Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды. (Қыста үйге от жаққанда пеш, самауыр жақсы жануы үшін түндікті ашып, салқын ауаның кіріп, ластанған жылы ауаны сыртқа айдатқан. Конвекция құбылысы салқын ауа ауыр болғандықтан төмен түседі де, қызған жеңіл ауаны жоғары айдайды, яғни түтін түзу шықпайды.)
g: Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды. (инерция заңы)
v: Нан піскенше күлше күйеді. (Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, соғұрлым оған аз жылу беру керек.)
t: Тонның жылуы терісінен емес – жүнінен. (Жүннің арасында ауа бар. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамның қызуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне тигізбейді. )
a: Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді. (диффузия құбылысы)
♦ 3 - бөлім: “Топ басшылар ” бөлімі. Бұл бөлімде әр топ басшыларына барлығына дерлік 8 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап 5 балдық жүйемен есептеледі
♦ “Тапқырлар” тобының басшысына:
1) Метр грек сөзі? («өлшеймін» деген мағына береді)
2) Диффузия латын сөзі? («жайылу, таралу» деген мағына береді)
3) Электр грек сөзі? («электрон, эбонит» деген мағына береді)
4) Гелиос грек сөзі? («күн» деген мағынаны білдіреді)
5) есту сезімін тудыратын серпімді толқындар? (дыбыс)
6) оң зарядталған бөлшек (оң)
7) Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал (психрометр)
8) нано бірлігінде неше дәреже бар? (109)
9) Жарық энергиясының таралу бағыты. (Сәуле)
10) Аяздан жылы бөлмеге кірген адамның көзілдірігі неге терлейді? (Ылғалдылық жоғары болғандықтан)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама