Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері. Күн - жұлдыз
Тақырыбы: Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері. Күн - жұлдыз
Мақсаты:
1. Әлемнің тіршілігі үшін жарықтың алатын орны туралы өзіндік ой қорыту, білімдерін тереңдете түсу;
2. Оқушылардың еріктілігін пәнге, деген қызығушылығын, сауаттылығын арттыру, есептеу дағдыларын жетілдіру, алған білімдерін тереңдету.
3. Адамгершілікке сұлулыққа еңбек сүюге, бір - бірін сыйлауға, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірме қағаздар
Барысы:
1. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау; тест арқылы, үлестірмелі қағаздар арқылы тексеру;
а) Тест тапсырмасын орындау;
1. Магнит өрісін өзгерткенде, электр тогы пайда болады. Бұл құбылыс қалай аталады?
А) электр өрісі
ә) Электрмагниттік индукция құбылысы
б) магнит өрісі
2. Электромагниттік индукция құбылысын ашқан кім?
А) Андре Мари Ампер
ә) Александро Вольта
б) Майкл Фарадей
3. Кернеуді арттыруға және кемітуге арналған құрал қалай аталады?
А) трансформатор
ә) генератор
б) ротор
4.. “Индукция” латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
А) магнит
ә) бағыттау
б) индукция
5. Сыртқы магнит өрісін күшейтетін заттар?
А) ферромагнетиктер
Ә) парамагнетиктер
Б) диамагнетиктер
6. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыртын машина
А) трансформатор ә) генератор б) ротор
7. Ферромагниттік емес заттар нешеге бөлінеді?
А) 3 Ә) 2 Б) 4
8. Диамагниттік қасиеттерге ие заттар?
А) Сұйық оттек, платина
Ә) темір, никель, болат, шойын, кобальт, гадолиний
Б) күміс, қорғасын, кварц, висмут
9. Майкл Фарадей электромагниттік индукция құбылысын қай жылы ашты?
А) 1830 ж Ә) 1833 ж Б) 1831 ж
10. Электр энергиясын механикалық энергияға айналдыруға арналған электр мәшинесі қалай аталады?
А) генератор
Ә) электрқозғалтқыш
Б) трансформатор

Ә) Қайталау есептері;
№1
Электр шамының қыздыру қылсымының кедергісін 484 Ом деп алып, кернеуі 220 В желіге қосылған электр шамындағы тоқтың қуатын анықтаңдар.
Жауабы: 100 Вт
№2
Қуаты 100 Вт электр двигателі 6 В кернеуде жұмыс істейді. Электр двигателіндегі тоқ күшін анықтаңдар. Жауабы: 16,(6) А
№3
Электр шамының кернеуі 120 В және тоқ күші 0, 5 А болғанда 8 сағ бойы жұмсайтын энергиясының мөлшерін анықтаңдар. Жауабы: 1728 кДж
№4
Егер тізбектегі тоқ күші 2 А болса, кедергісі 25 Ом константа өткізгіші 5 секундта қанша жылу мөлшерін бөліп шығарады. Жауабы: 500 Дж
№5
Электр шамының баллонында 100 Вт, 220 В деп жазылған. Электр шамының кедергісін анықтаңдар. Жауабы: 484 Ом
№6
Кернеуі 220 В болатын дәнекерлегіштегі тоқ күші 0, 9 А. Дәнекерлегіштегі тоқтың қуатын анықтаңдар. Жауабы: 198 Вт

3. Сергіту сәті. Ребус шешу;

4. Жаңа сабақ.
Біздің планетамыздағы өсімдіктер мен жануарлар әлемінің тіршілігі үшін жарықтың алатын орны ерекше.
Жарық – заттың бөлшектерінің табиғатынан бөлек, табиғаты ерекше бөлшектер ағыны болып табылады. Жарық бөлшектері фотондар деп аталады. Фотондар ағыны энергияны жарық көздерінен жарықталынатын денелерге жеткізеді. Бұл энергияны жарық энергиясы деп атайды. Жекелеген фотондардың энергиясы әртүрлі болғанымен, олардың вакуумдегі қозғалыс жылдамдығы бірдей.
Вакуумде с=300 000 км/с
Суда с=225 000 км/с
Ауада с= 299 711 км/с
Шыныда с= 200 000 км/с

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама