Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Физика беттерінен үзінді (сайыс сабақ)
КТК «Физика беттерінен үзінді»
Ойынға түсініктеме:
1. Ойынға «Жарық» және «Дыбыс» атты екі топ қатысады.
2. Әр топта 7 оқушыдан
3. Топтардың төсбелгілері
4. «Дыбыс» тобы сайысқа шығарда топтың атына сай дыбыс шығаратын құралдармен музыкалық көркемдейді.(қасықтармен музыкалық әуен ойнайды және т. б.)
5. «Жарық» тобы әртүрлі жарық көздерімен шығады.(Топ басшысы «Күнмен», топ мүшелері май шам, керосин лампасы, факел, фонарь және тағы басқа заттарды ұстап шығады)

Жүргізуші:
Шақырамыз келіңдер жарысуға,
Күш өнер білімменен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға,
Қанеки, кім шығады сайысуға - деп, ортаға сайыскерлерді шақырамыз.

«Дыбыс» командасының ұраны.
Тереңде жатқан асыл тас,
Су толқыса шығады.
Тереңде жатқан асыл сөз,
Ой толқыса шығады.

«Жарық» командасының ұраны:
Білімдінің күні жарық,
Білімсіздің күні кәріп.

Жүргізуші: Ендігі кезек таныстыруға беріледі.
«Дыбыс» командасының таныстыруы.
Дыбыс деген топпыз,
Жеңіліп көрген жоқпыз.
Дыбыс сияқты тараламыз,
4 - 5 деген баға аламыз.
Әділ қазы әділ баға береді
Бұл сайыста сап етеміз өнерді.
Жанкүйлер жан дауыспен қостаса,
Шабытымыз шарықтап кетеді.
Бұл сайыста жеңілеміз демейік.
Шыңына жетіп білімнің
Ұстаздарды қуанышқа бөлейік.

«Жарық» командасының таныстыруы:
Жалын мен оттан жаралып,
Жарқылдап біз де кеп қалдық.
Жылуды жерге таратып
Сайысамыз топ жарып.
Басымызды бұлт шалса,
Достарымыз көп болсын.
Әділ баға беретін,
Қазыларым ден қойсын.
Жүргізуші: Адам табиғаттың төресі, әміршісі, падишасы болу үшін жаралған. Ал біз табиғат сырларын қаншалықты білетінімізді дәлелдеу үшін мына өлең жолдарының авторлары кім екенін тауып көрейік?

«Дыбыс» командасына қойылатын сұрақ:
«Дем алысы үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды.»
(Абай)
«Жарық» командасына қойылатын сұрақ:
«Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп».
(Абай)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама