
- 05 қаз. 2016 00:00
- 414
Физика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды
Физика саласы бойынша 2016 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды, деп хабарлайды "Хабар 24".
Олар - материя топологиясы саласындағы зерттеулері бойынша Дэвид Таулесс, Дункан Холдейн және Майкл Костерлиц.
Мамандар түрлі физикалық құбылыстарды кеңірек түсіндіретін математикалық әдістер ойлап тапқан. Лауреаттардың үшеуі де Ұлыбританияда дүниеге келген. Қазір АҚШ-та жұмыс істейді. Ал, жүлделерді тапсыру салтанаты дәстүр бойынша 10 желтоқсанда Стокгольмде өтеді.