- 04 ақп. 2020 00:00
- 217
Ғафу ет мені, есегім!
Бір күні Қожанасыр есегіне күндегіден отынды көбірек артыпты. Жүгінің ауырлығынан болар, есегі қиқарлық қылып, жүрмей тұрып алыпты. Есегін ары-бері сөгіп, ұрып тұрғанын патша көріп, оған бақырып:
— Өзі кішкене жануарға осынша отын артқаның жетпегендей, оны ұрғаның не?
Қожанасыр есегінің құлағына сыбырлап:
— Ғафу ет, мені есегім, сенің осындай жоғары мәртебелі кісілерден достарыңның барын білмеп едім, — дейді.