Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ғарыш әлеміне саяхат
Өтілу мерзімі:
Баланың аты - жөні:
Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат»
Мақсаты:
1. Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру.
2. Оқушылардың патриоттық сезімін ояту.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, суреттер, слайдтар
Барысы: І. Қызығушылығын ояту. Психологиялық дайындық.
Арманы бар бір ғана,
Талабы зор баламын.
Шынығумен шыңдала,
Тез - ақ өсіп, толамын.
Жұлдыздарды жағалай,
Айға барып қонамын.
Тұңғыш Тоқтар ағадай,
Мен ғарышкер боламын.
Балалар кім айтады қазір жылдың қай мезгілі?
Ал көктемнің қай айы?
Сәуір айында қандай мерекелер бар?
Бүгін балалар ғарышкерлердің мерекесі, он екінші сәуір ғарышкерлер күні, биыл ғарышқа ұшқан күнге 53 жыл болды. Бүкіл халық бүгін мерекені тойлап жатыр. Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жерде болса тұрағым,
Марсқа ұшып тұрамын.
ғарышкер
Олай болса балалар ғарышқа ұшатын адамды кім дейміз?
Балалар ғарышқа не үшін ұшады?
Иә, аспан әлемін, планетаны, жұлдыздарды зерттеу үшін ұшады.
Слайд: аспан әлемі
Ал балалар ғарышқа не арқылы ұшады?
Зымыран қалай ұшады? (слайд ) Балалар сендер қалай ойлайсыңдар ғарышкер ғарышта жүргенде зымыран ішінен шығады ма?
Иә шығады, өйткені олар жұмыстарын жасайды, зерттейді, әр түрлі планетаны зерттеп ашық аспанда жүреді.
Слайд ғарыштағы сурет.
Бірақ балалар аспанда ауа жоқ, өте ыстық, ал ғарышкерлерге скафандр деген киім көмектеседі, арнайы ауасы бар, ыстықтан қорғайтын киім.
Балалар ғарышкерлер ғарышта ұзақ жүреді, ал олар қалай тамақтанады, не жейді, от жағып пісіре ме?
Жоқ оларға әдейі арналған зымыранмен тамақ әкелінеді, тамақ оларға жабық түрде, езілген түрде, тіс пастасының қорабы сияқты қорапта беріледі, шай, суда солай әкелінеді, соны сығып жейді. Балалар сендер ғарышкер болғыларың келеме?
Білесіңдер ме ғарышкер болу үшін ең алдымен шынығу керек дейді, енді бәріміз орнымыздан тұрып жаттығу жасап алайық.
Сергіту сәті: Бойымызды, денемізді оятайық.
Сәлем көздер, оянайық
Сәлем құлақтар, оянайық
Сәлем қолдар, оянайық
Сәлем аяқтар, оянайық.
Қорытынды:
Әр адам ғарышқа саяхаттағысы келеді. Әр адам ұшқыш болғысы келеді. Бірақ ол үшін адам баласына шыдамдылық пен ақылдылық, ғарыш туралы көп мәліметтер керек. Осымен біздің ғарышқа саяхатымыз аяқталды.

Әлеуметтік педагог: Оспан А. А.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама