Ғарышқа саяхат
Сабақтың тақырыбы: «Ғарышқа саяхат»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: осы пәнге қызығушылықтарыңды арттыру, кейбір мәліметтерді сайыс түрінде түсіндір, сабақтан алған білімдеріңді пайдалана білуге үйрету, білімдерін байқау - бақылау;
Дамытушылық: оқушылардың осы пәнге қызығушылығын тудыру, арттыру, білім дағдыларын дамыту, ізденіске ұмтылдыру;
Тәрбиелік: шапшаңдыққа, бірігіп жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: физика - астрономиялық кеш
Сабақтың өткізу әдісі: сайыс сабақ
Қолданылатын көрнекі құрал - жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта
Жүргізуші: Қайырлы кеш, қадірлі көрермендер, оқушылар мен ұстаздар! Баршаңызға да «Ғарышқа саяхат» ойын - сауық кешіне қош келдіңіздер! Қай сабақ немесе кеш адамның қатысуынсыз өтпейді. Сондықтан бүгінгі кешімізге 7 - класс оқушылары қатысқалы отыр.
Бүгінгі «Ғарышқа саяхат» сайысымыз адамзаттың ғарышты игеруіне 52 жыл толуына орай ғарыш саласына қатысты болмақ.
Алғаш 1961 жылы 12 сәуірде Ю. Гагарин ғарышқа самғағаннан бастап міне дәл бүгінгі күні 52 жыл толып отыр. 52 жылда адамзаттың ғарыштық игеруі қарыштап алға дамыды, қаншама рет ғарыштық сапарлар жасалды. Адамзат күн санап, сағат санап ғарыштан жаңалықтар біліп жатыр. Сол сияқты бізде бүгін ғарышқа саяхат жасап, белгісіз галактикалар мен ғаламшарларды, кометалар мен астероидтарды, жұлдыздар мен тұмандықтарды ашу үшін ғарышқа сапар шегеміз.
Ал қазір ойынның шартымен таныстырып өтейін:
1 - сайыс: «Викториналық сұрақтар»
2 - сайыс: «Суреттер сырын ашайық»
3 - сайыс: «Планеталар парады»
4 - сайыс: «Қызықты тәжірибелер»
5 - сайыс: «Бұл қай заң?»
6 - сайыс: «Формулалар жазайық»
1 - сайыс: «Викториналық сұрақтар»
1. Ең алғашқы қазақ ғарышкері? (Т. Әубәкіров)
2. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін ұсынған астроном? (Н. Коперник)
3. Әлемнің геоцентрлік жүйесін ұсынған астроном? (К. Птоломей)
4. Жердің Күннен ең алыстайтын нүктесі? (афелий)
5. Ең алғаш ғарышқа ұшқан адам? (Ю. Гагарин)
6. Шоқжұлдыздар деген не? Қандай шоқжұлдыздарды білесіздер? (аспандағы жұлдыздарды қамтитын белгіленген бөлік. 12 шоқжұлдыз бар)
7. Эклиптика деген не? (Күннің жыл бойы аспан экваторындағы жүріп өткен жолы)
8. Ең жақын жұлдызды атаңыз (Күн)
9. Күн жүйесі қозғалысы ілімін кім ашты? (Коперник)
10. Жазғы күн тоқырау күні қашан? (22 шілде)
11. Қысқы күн тоқырау күні қашан? (22 желтоқсан)
12. Ғарыш туралы теорияның негізін салушы кім? (К. Э. Циолковский)
2 - сайыс: «Суреттер сырын ашайық»
Тақтада екі ғарышкердің суреті ілінген. Сол ғарышкерлер туралы қысқаша мәлімет беру керек.
3 - сайыс: «Планеталар парады»
Мұғалім: «Планета» грек сөзі, қазақша ғаламшар дейді. Ұлы поляк ғалымы Коперниктің аспан әлемі туралы заңына сәйкес Күнді айнала тоғыз планета қозғалып жүреді. Олардың әрқайсысының көлемі де, температурасы да және Күннен қашықтығы да әртүрлі. Планеталардың Күнді айнала жүретін орбитасы болады. Енді сол планета атынан сөйлейтін 7 класс оқушыларын ортаға шақырамыз.
4 - сайыс: «Қызықты тәжірибелер»
1. Бөтелке, қағаз, шырпы, қабығы аршылған жұмыртқа. Бөтелкенің ішіне қағазды жағып, аузына жұмыртқаны қойғанда, ол ішіне кіріп кетеді. Неліктен? (бөтелкенің ішіндегі ауаның қысымы атмосфералық қысымнан азаяды)
2. Стакан, су, қағаз. Стакандағы суды қағазбен жауып тұрып төңкергенде, су ақпайды. Неге? (Атмосфералық қысым төменнен жоғары қарай да әсер етеді.)
3. А4 2 қағаз керек. Біреуін бүктемей, екіншісін бүктеп бір уақытта жіберіп қаламыз. Не байқауға болады? (жалпы қысымның түсірілген бет ауданына байланысты екенін білеміз. Шеге, ине сияқты заттардың неліктен ұшты болатынын білеміз, сол сияқты атмосфералық қысымда беттің ауданына байланысты, екеуіне де бірдей атмосфералық қысым түсіп тұр, бірақ шиыршықталған қағазға әсер ететін қысым оның ауданының кіші болуы есебінен бүктелмеген қағазға әсер ететін қысымнан көп болады да жерге бірінші жетеді)
4. Тәрелке, сабын керек. Тәрелкеге су құйып, төгіп тастаймыз да сабынды тәрелкеге қатты басып тұрамыз. Сосын сабынды көтергенде тәрелке бірге көтеріледі, неге? (молекулалардың өзара байланысы)
5. Пластмассалық баклашканы бір жағынан бірдей етіп 3 жерден тесеміз де тесіктерді шырпымен бітеп қоямыз да ішіне су құямыз. Шырпыларды алып тастағанда су тесіктерден әр түрлі қашықтыққа ағады. Неліктен? (Сұйықтардың әр түрлі деңгейдегі қысымдары әр түрлі болады, тереңдеген сайын қысым артады).
6. Суға: картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш саламыз. Сонда нені байқауға болады? (Архимед күшіне байланысты денелердің жүзуі, қалқуы, балқуын)
5 - сайыс: «Бұл қай заң?»
Осы торкөздегі қажетті сөздерді тауып, физиканың сіздер білетін маңызды заңын оқыңдар. Екі топқа осы кесте жазылған А4 қағаздары таратылады. Қай топ шапшаң оқып, жауабын тапса жеңіс сол топта болады.
Жауабы: Энергия ешқайда жоғалмайды және ешқайдан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге ауысады немесе бір денеден екінші денеге көшеді.
6 - сайыс: «Формулалар жазайық»
Екі топтың топ басшысы шығып тақтаға физикалық формулалар жазады. Қай топ көп, дұрыс формула жазса сол топ жеңіске жетеді.
Қорытынды: Сайысымыз өз мәресіне жетті. Енді кешті қорытындылау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Сайра бұлбұл көкейден ән төгілсін,
Жырға бөле даланың әр төбесін.
Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер
Көтерді қазағымның мәртебесін - деп ғарышкерлер күніне арналған «Ғарышқа саяхат» атты кешімізді осымен аяқтаймыз.