Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 13 минут бұрын)
Шахтинскіде бес қабатты үйде жарылыс болды: 8 адам зардап шекті

Шахтинск қаласындағы бес қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылысы болды. Тұрмыстық газ баллонының жарылуы салдарынан сегіз адам зардап шекті. Олардың бесеуі - тұрғындардың шақыруына келген полиция қызметкерлері.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді. Қарағанды облысы ТЖД-ның 112 пультіне болған оқиға туралы хабарлама полициядан келіп түскен. Хабарлама алғаннан кейін төрт минут ішінде ТЖМ күштері мен құралдары оқиға орнына жетті. Келген кезде жиһаз бен тұрмыстық заттардың жанып жатқаны анықталды.

Құтқару жұмыстары

Өрт сөндірушілер жоғары қабаттардан бес адамды баспалдақ арқылы эвакуациялады. Пожарниктер келмей тұрып, полиция қызметкерлері де тұрғындарды көшірді, қалғандары өз бетінше ғимараттан шығып кетті.

Тұрғындарды жылыту үшін ТЖМ вахталық көлігі пайдаланылды. Сондай-ақ, жылыту пункті ұйымдастырылды.

Өрттің себебі

ТЖМ күштерімен 40 шаршы метр аумақтағы өрт толықтай сөндірілді. Жарылыстың себептері мен мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында ТЖД бастығы бастаған өрт сөндіру штабы құрылды. Оқиға орнында өрт сөндірушілер, ТЖМ құтқару топтары, сондай-ақ медициналық қызметтер, полиция және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бөтен мүлікті қасақана жоюға әкеп соқтырған өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция 40 жастағы күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта ол Шахтинск қалалық ауруханасының арнайы бөлімінде емделіп жатыр және бақылауда. Сауыққаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалатын болады. Қазіргі уақытта жан-жақты және объективті тергеу жүргізілуде.

Жаңалықтар

Жарнама