Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 10 минут бұрын)
Мөлдір Мұқанова: «22 жыл жастығым ошақ басында өтті»

Қазақстандық әнші Мөлдір Мұқанова өзінің туған күні мен Наурыз мерекесінің қатар келуінің ерекше мәні туралы әлеуметтік желідегі парақшасында толғанысқа толы жазба жариялады. Бұл жазба оқырмандар тарапынан жылы лебіздерге ие болды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әкесінің естелігі

Әншінің айтуынша, әкесі бұрын оның туған күнін бүкіл ауыл тойлайтынын айтып отыратын болған. Себебі, Мөлдірдің туған күні Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келетін.

«Сол кездегі ата-анамның ақ адал жүрегі, аппақ батасы... Қазір туған күніммен қатар бүкіл Қазақстан Айтты атап өтіп, Наурызды тойлап жатыр. Бұл – үлкен мәнге ие», – деп жазды Мөлдір.

Өнерге деген махаббат

Мөлдір Мұқанова кішкентай кезінен-ақ өнерге жақын болғанын айтып өтті. Қолына домбыра ұстап, сахнаны шарлап, өнерін көрсетуге асыққан.

«Студент шақта да айналамды ән қылу, сән қылу – өнерге деген, өлеңге деген махаббаттан туындады. Иә, ашылудан басталған жастығым үзіліссіз жиырма екі жыл бойы ошақ қасында өтті. Бірақ сахна мен өнер мені шақырып тұрды. Аллаға шүкір, ниетіме қарай ел алдында ән шырқап жүрмін», – деп толғанды әнші.

Ол ертерек сахнаға шықпаса да, елдің ортасында жүргеніне бақытты екенін жеткізді.

Жаңалықтар

Жарнама