Желтоқсан ызғары
Сабақтың тақырыбы: «Желтоқсан ызғары» (презентация)
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға Желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.
б) Желтоқсан оқиғасының қазақ халқының шынайы ұлттық санасының оянуы мен тәуелсіздікке қол жеткізудегі тарихи рөлін көрсету. Желтоқсан құрбандарын еске ала отырып, халық бостандығы мен елдігі үшін күрескен, сол үшін құрбан болған ағалар ерлігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
в) Желтоқсан оқиғасының
Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, Желтоқсан құрбандарының суреттері.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс
Сабақта қолданылатын технология: СТО технологиясы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныппен амандасу, түгендеу. Сыныпты 2 топқа бөлу
Қызығушылықты ояту
1. «Топтастыру» стратегиясы. Оқушылар өз білгендері мен білімдерін жинақтау.
Желтоқсан
↓
Көтеріліс
Ұлтжандылық
Демонстрация
Жастар
Алмат
Студенттер
Аяз
Брежнев алаңы
«Мағынаны тану»
Мұғалім: Құрметті ұстаздар оқушылар! Дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Желтоқсан ызғары» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. 1986 жылы 16 - 17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!- деген тілек білдірді. Сол кездегі Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Коммунистік партиясы Разуловскийдің ұсынысы бойынша Генадий Колбинді тағайындаған. Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын сондықтан, өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды.
2. «ДЖИГСО» әдісі. Әр топқа жеке мәтіндер таратылады. Топ мәтінді талқылайды,
бір оқушы мазмұнын қысқаша айтып шығады.
1. Қазақ жастарын қандай күш айдап барды? Г. В. Колбин – ол кім?, қайдан келген?
Желтоқсан оқиғасы қарсаңындағы Қазақстанға тоқталады. Сонымен қатар 1986 жылғы 16 желтоқсанда өткен КОКП ОК нұсқауымен өткен Қазақстан КП ОК пленум барысында Қазақстанды 40 - жылдай басқарған Д. Қонаевтың орнына Колбиннің тағайындалуы жайлы мәселе қарастырылғанды. Пленум не бары 18 минут жүріп, осы пленумда Д. Қонаев өзінің демалысқа кететіндігі жайлы хабардар болады.
Г. В. Колбин – ол кім?, қайдан келген? деген сұрақ туындайды. Геннадий Васильевич Колбин бұған дейін Ульяновск облыстық партия комитетін басқарған болатын. Бұрынырақ ол Грузияда республикалық партия ұйымының екінші хатшысы болып істеді. Орталық баспасөз ол туралы алдын ала «Ұлтаралық қатынастар мәселелерін жақсы білетін маман» деп жазып жатты. Ресейдің әр жерінде түрлі қызметтер атқарған ол Қазақстан үшін бөгде адам еді. Алайда ол кездің үрдісі бойынша, жоғарыдағылардың ұсынысын төмендегілердің қабылдамауы мүмкін еместі. Пленум бір ауыздан Г. Колбинді Республика партия ұйымының басшысы етіп сайлады. Колбин бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында Қазақстан деген елді тек картадан ғана білетінін айтты. Қазақ жастары бейбіт шеруге шығып, Қазақстан Республикасында тұратын басқа ұлт өкілдерін неге тағайындамасқа деген өз қарсылықтарын білдірген болатын.
2. Қазақ жастарына жасалған қиянат және олардың тағдырлары
1986 жылғы 17 - 18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналды. Оларды «Ұлтшыл, маскүнем» деген кінә тағылды.
Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері: Фрунзеден - 100, Ташкенттен - 300, Челябіден - 203, Новосибирскіден - 203, Свердловскіден - 225, Тбилисиден 450 тартылған. Жастарға қарсы Бұрқасын 86 жоспары бойынша іс - шаралар жасалынған. Жастарға Өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған.
Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі студент жастар. Солардың ішінен атап кететін болсақ: Қайрат, Ләззат, Сабира, Ербол
Қайрат Рысқұлбеков жайлы мәлімет: 1966 жылы 13. 03 Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында малшы отбасында дүниеге келген. 1973 - 81 жылдары Шу ауданы Төле би ауылындағы мектеп - интернатта 8 - жылдық білім алған. 1981 - 83 жылдары Бірліктегі Киров атындағы орта мектепті бітіріп, 1984 - 86 әскери қатарға алынған. Мектепте белсенді комсомол мүшелерінің бірі болған. 1986 жылы жолдамамен Алматы сәулет - құрылыс институтына түседі. 1986 жылы 16 желтоқсанда бейбіт шеруге қатысады. Қайрат тұтқындалып 18 желтоқсанда сағат 11 бастап Мир және Сәтпаев көшелерінің қиылысында бейбастық жасап Савицскийді өлтірді, Ведельді ауыр жарақаттады деген айып тағылып 6 - ай жүрген Бесеудің соттың соңғы үкімін 1987 жылдың 16 маусымда мынандай үкім шығарды:
Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы 1966 жылы туған, Алматы сәулет - құрылыс институтының 1 - курс студенті - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60 - бабы - 2 жылға, 65 - бап - 12 жылға, 173 - 1 жалпы қылмыстық істерінің жиынтық ең ауыр - өлім жазасына кесілді
Асанова Ләззат Алтынайқызы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. 1985 ж. Алматыда П. Чайковский атынд. муз. уч - щеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж. 17 - 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп - төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты.
Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақмектеп аулының «Ленин жолы» сегіз жылдық мектебін үздік бітіреді. Сол жылы облыс орталығы Өскемен қаласындағы педагогикалық училищеге оқуға түседі. 1986 жылғы 17 - 18 желтоқсанда Алматы қаласында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісін қуаттап 22 желтоқсанда Өскемен қаласында бірге оқитын студент жастармен бірге наразылыққа шығады. Студент қыздардың бұл әрекеттері барып тұрған ұлтшылдық деп бағаланып, сол күні кештен бастап партия, кеңес, комсомол, мемлекеттік қауіпсіздік, құқық қорғау орындары тарапынан тергеу, олардан жауап алу басталады. Нәтижесінде орынсыз қорлау мен жала жабу мен тергеуге шыдай алмаған Сәбира Мұхамеджанова барлығын ұйымдастырған мен деп мәлімдеп, жатақхананың бесінші қабатынан секіріп, мерт болады. Сөйтіп ол Желтоқсан құрбаны, батырына айналды
Ербол Сыпатаев – Желтоқсан көтерілісіне қатысып, алаңда қазақ қарындастарын құтқару барысында алған соққыдан қайтыс болған жас қазақ жігіті. Талдықорған облысының Көктал ауылында 1964 жылы дүниеге келген. Желтоқсан көтерілісі уақытында Алматы қаласында энергетика институтының 2 курс студенті болған.
3. Семантикалық карта «Тәуелсіздік шежіресі»
Тәуелсіздік шежіресі ------1991ж ------1995ж ------1993ж ------1998ж ------1992ж
Ата заң
Тәуелсіздік жылы
Президент сайлауы
Валюта
Астана
Рәміздер
4. Бекіту. «Кубизм» стратегиясы. Кубтың алты қырымен алты сұрақ беріледі.
1. 1986 жыл?
2. Оқиғаның басты себебі? /Басшылардың ауысуы/
3. Қозғаушы күші? /Қазақ жастары/
4. Қанша адам қатысқан? /8500/
5. Желтоқсан құрбандары кімдер? /Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира/
6. Оқиғаның тарихи маңызы? /Тәуелсіздік алуға жасалған алғашқы қадам/
«Желтоқсан желі» әдеби – сазды монтаж
5. Қорытынды:
Желтоқсан оқиғалары - Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Бұл оқиғалар Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына жаңа еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды. Сондықтан да оның жүгі ауыр, шығыны көп болды.
Желтоқсан оқиғалары арқылы Қазақстанның енді ғана қаз тұрып келе жатқан жас демократиясы мол тәжірибе жинақтады, тарихи сабақ алды. Бұл оқиғалар өзінен кейінгі кезеңде республикада жаңа бағыттың экономикалық реформалардың, әлеуметтік бетбұрыстардың соны қарқынмен өрістеуіне себепші болды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.