Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 23 нау. 2026 12:00
- 21
"Наурыз - қазақтың мерекесі емес!" дейтін діншілдің сөзі елді елеңдетті
Әлеуметтік желіде Ербол Рүстемұлы есімді діншіл азамат Наурызды тойлап жатқан халыққа реніш білдіріп, видео жариялады. Оның айтуынша, бұл мереке қазаққа жат және дінге қайшы.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеода діншіл жігіт Наурыздың қазаққа да, мұсылманға да жат мереке екенін алға тартты. Ол тіпті, «Наурыз деген сөздің өзі қазақтың сөзі емес» деп, иманы мықты адамдардың мұндай той-томалақтан аулақ жүретінін айтты.
Қазақстандықтардың пікірі
Ербол Рүстемұлының бұл сөзі жұртшылықтың қызу талқысына түсті. Көпшілік оның пікірін сынап, «Наурыз қазақтың мерекесі болмаса, Айт та қазақтың мерекесі емес, арабтың тойы ғой» деген сияқты жазбалар қалдырды. Кейбір оқырмандар бұл сөздерді Президенттің саясатына қарсы шығу деп бағалап, тиісті шара қолдануды талап етті.