Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
"Ғашық болып қалдым": Мақпал Жүнісованың концертінде күтпеген жағдай орын алды

Танымал әнші Мақпал Жүнісова Маңғыстауда өткен жеке концерті барысында ерекше жағдайға тап болды. Концертті тамашалауға келген көрермендердің бірі сахнаға көтеріліп, өнер иесіне өз сезімін білдіріп, таңғалдырды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Сізді көру – менің арманым еді. Сізге ғашық болып қалдым», - деп көрермен әншіге жүгінген. Кейіннен белгілі болғандай, бұл азамат әншімен жасты болып шыққан. Ол Мақпал Жүнісовамен бірге вальс билеуді ұсынғанымен, әнші бұл ұсыныстан сыпайы түрде бас тартты.

Мақпал Жүнісова – қазақ эстрадасының көрнекті өкілдерінің бірі. Ол 1963 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. 1981 жылдан бері «Қазақконцерт» бірлестігінде солист болып еңбек етіп келеді. Жас кезінен-ақ халықаралық байқауларда топ жарып, 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 31 жасында Халық әртісі атағын алған.

Әнші Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Қазіргі таңда ол сахнада ғана емес, білім беру саласында да белсенділік танытып, профессор қызметін атқарады. Лирикалық сопрано дауысымен ерекшеленетін Мақпал Жүнісованың репертуарында халық әндері, романстар мен джаз туындылары бар. Оның орындауындағы әндер тыңдармандардың жүрегінен ерекше орын алған.

Қазақ эстрадасының «примадоннасы» атанған әншінің концерттері әлі күнге дейін үлкен сұранысқа ие.

Жаңалықтар

Жарнама