Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Гүл-ғұмыр немесе қызғалдақ – махаббат құрбаны

Көктем келіп, Жер-Ана бусанып, тіршілікке жан біткен шақта, өсімдіктер бірінен кейін бірі гүлдей бастайды. Әуелі қар астынан бәйшешек шығады. Одан соң, өзге өсімдіктер, алма, жиде сияқты ағаштар да гүлдейді. Бәрінің де бір-ақ мақсаты бар, ол — өз дәнін шашу, яғни төңірекке ұрпағын тарату.

Ал адамзат өзінше ойлайды. Құлпырып тұрған гүлді өзінің сүйікті адамына сыйлайды. Ауыл балалары көктемде қып-қызыл кілемдей құлпырып жатқан қырға шығып, қызғалдақ теріп әкеліп, ғашық болған қыздарына сыйлаушы еді. Қала адамдары қызғалдақ, раушан, бақытгүл, лалагүл және басқа да гүл дестелерін дүкеннен сатып алып, ең қымбат адамына тарту етеді.

Гүлдің адам өмірінде алатын рөлі өте жоғары десек, қателеспейтін шығармыз. Өйткені ғашық адамдар бір-біріне деген сүйіспеншілік сезімін гүл сыйлау арқылы білдіреді. Яғни, гүл сыйлау арқылы миллиондаған адамдар өз сыңарын тауып, отау құрды. Гүл — махаббаттың дәнекері. Және сол жолда тамырынан қиылған гүлдер өз тұқымын шаша алмай, құрбан болады.

Ғажап гүлдер тойларда, кештерде, туған күндерде тарту етілген адамға бір сәттік қуаныш сыйлайды. Әуелі үйдің төрінде тұрады.  Сыйға берілген небір әдемі гүлдердің екі-үш күндік «ғұмыры» болады. Одан кейін, иә, одан кейін адамдар солып қалған әлгі гүлді далаға шығарып, күл-қоқыс салатын жәшікке тастайды.

Гүлдердің қысқа ғұмыры-ай!..


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама