Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Гүлмира Әбіқай: «Атырау хакер» маған тікелей жазды

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай «Алаш Орда» арнасына берген сұхбатында Атырау облысында үлкен резонанс тудырған оқиғаға қатысты пікірін білдірді. Журналистің айтуынша, «Атырау хакер» аккаунтының иесі өзімен тікелей байланысқа шыққан.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналист пен хакердің байланысы

Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде жариялаған видеосынан кейін жүздеген адамнан хабарлама алғанын айтты. Олардың көбі журналистке құрметпен қарап, видеодағы адамның кім екенін сұраған.

«Коста-Рикадан шетелдік нөмір арқылы «Сәлеметсіз бе, бұл мен – "Атырау хакермін" деп жазды. Әңгімеміз қаңтардың 4-і күні болды. Даусы жас баланікі сияқты. Ол өзін әлеуметтік желіде жариялағанымды айтып, дезинформация таралып жатқанын жеткізді», – деді журналист.

Гүлмира Әбіқай хакерге: «Сіз қандай жақсылық жасадыңыз? Мына чаттағы ондаған адам өтірік айтып отыр деп ойлайсыз ба?» деп жауап бергенін айтты. Хакер оған дәлелдер жіберетінін айтқан, бірақ журналистке дәлелдер қажет емес екенін, тек оқиғаның мән-жайын білгісі келетінін жеткізген.

Журналист хакердің шетелде қашып жүргенін және оның үстінен алаяқтық бабы бойынша төрт қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Жаңалықтар

Жарнама