Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай... А.Байтұрсынұлы мен Т.Шонанұлының «Оқу құралында» жарық көрген Ы.Алтынсариннің еңбектері

Белгілі қазақ қайратерлері Ахмет Байтұрсынұлы мен Телжан Шонанұлы  1926-1927 жж. «Оқу құралы» атты хрестоматиялық еңбек жазған. Бұл әдістемелік құрал үш бөлімнен құралған. Бірінші бөлім «Әдебиет, тұрмыс, еңбек». Екінші - «Ғылым». Үшінші - «Дүние». Аталмыш еңбектің «ұлттық әдістеме ілімі саласындағы алар орны ерекше». «Оқу құралының» құндылығы: 1) ана тілінде сауат аштыру; 2) шәкірттердің көркемдік талғамын, дүниетанымын қалыптастырып, жетілдіру; 3) табиғат құбылысы мен адам тұрмысының әр қырын топтастыра отырып, жасөспірімге қажетті тәжірибелік білім беру; 4) оқушыны оқыта отырып тәрбиелеу, рухани тазалыққа баулу». (Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 2 –т. – Алматы: «Алаш», 2004.- 7, 19 бб.). Өте дұрыс айтылған ой-пікір. Сонымен қатар, «Оқу құралына» көптеген атақты тұлғалардың еңбектері еңгізілген. Мысалы,  Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин, Ахмет Байтұрсынов, Лев Толстой, Константин Ушинский, Владимир Ленин, Николай Рубакин және т.б. туындылары жарық көрді. Соның ішінде ұлы ағартушы, ұстаз, ғалым, ақын Ыбырай Алтынсаринның да еңбектері бар. 

Ы. Алтынсариннің «Оқу құралына» еңген еңбектерін еске түсірсек. «Әдебиет, тұрмыс, еңбек» атты бөлімде,  Ұлы педагогтің екі өлеңі «Бұл кім?» (26 б.), «Өзен»(27-28 бб.), әңгімелері «Киіз үй мен  ағаш үй»(192-193 бб.) және «Бай мен жарлы баласы» (221-222 бб.) берілген. Біз сіздерге қазақтың Ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай, «Өзен» өлеңін тағы да еске алу үшін ұсынамыз.    

Өзен

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп, жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

 

Қөңілін суын ішсең ашылады;

Денеңде бар дертіңді қашырады,

Өксіген оттай жанып жануарлар,

Өзеннен рахат тауып басылады;

Қынарда тілсіз тұрған тоғайлары

Шуылдап желмен бірге бас ұрады.

 

Оң мың мал айдап өтсең лай қалмайды,

Тасына су бармаған сай қалмады.

Тасыған өзен, судың қуатымен

Көк шығып, шөп бітпеген жай қалмайды.

 

Ел қыстап күн көреді жаңыбында,

Дәм болар алуан-алуан балығыңда...

Боқ таста, алтын таста сынамаққа,

Сонда да аққан өзен қалыбында!

 

Құдіретін міне қызық көресін бе?

Не нәжіс тоқтар өзен денесінде.

Арыстан демалуға суға кірсе,

Балықтар шымшып ойнар терісінде. 

Алтынсарыұлы Ыбырай.

(Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 2 –т. – Алматы: «Алаш», 2004, 27-26 бб.).

Ахметжанова Ажар. КазНУ им. аль-Фараби. Факультет истории, археологии и этнологии


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама