Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Туристік Шаһар - Түркістан!

Соңғы уақытта, баршамызға белгілі көне Түркістанымыз жаңаша түлеп, жаңғырып әлемнің түкпір түкпірінен өзіне көптеген туристерді тарту үстінде. Әрине, бұл бізді қуантатын жайт, бірақ дегенмен әр нәрсенің жақсы және жаман жағы болады. Яғни, Шаһарымызға туристердің көптеп келуі экономикалық және дипломатиялық жағынан алғанда, өте тиімді әрі біршама пайдалы. Себебі, туризм қазіргі таңда әлем бойынша қаржы жағынан ең тиімді қолайлы салалардың бірі. Бұл туризм саласы экономикамыздың қанша жерден дамытқанымен, әлеуметтік ахуалымызды арттырғанымен, экологиялық тұрғыдан алып қарағанда, туристтердің көптеп ағылуы шаһарымыздағы рекреационды жүктемелердің артуына әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, шектелген аумақтағы табиғи ресурстардың жоғары концентрациясы, артық пайдалану, ғимараттар мен инфрақұрылым салу және туризммен байланысты басқа да іс-шаралар қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. Жалпы, туризмнің қоршаған ортаға әсері туристік қызметтің масштабы мен түріне байланысты. Жеке турист әдетте аз әсер етеді. Мәселелер туристер саны көбейгенде немесе ресурстарды пайдалану өзгерген кезде туындайды. Сонымен, туризм айтарлықтай табыс көзі болғанымен, онымен байланысты күрделі мәселелер бар. Бірақ кез келген уақытта да , әр нәрсенің өз шешімі бар. Туристтер қаншалықты көп болса, одан екі есе Жасыл экономикамызды дамытып, экологиялық жағдайымызды жақсартуымыз керек. Экология мен экономиканы тең деңгейде ұстаған жағдай да ғана біз тұрақты дами аламыз. БҰҰ-ның қоршаған орта және тұрақты даму бағытының да, негізгі мақсаты сол, экономика мен экологияны ұштастыра отырып, тұрақты әрекет ету. Шын мәнінде, қаламыздағы негізгі кесенеге келетін үлкен даңғыл жол бар. Осы даңғыл жолдан алдағы уақытта троллейбус жүргізуді қолға алып жатыр. Бұл идея экономикалық жағынан тиімді, әрі қаламыздың экологиялық келбетіне де оң үлес қосады. Қазіргі таңда туристік шаһарымыз Түркістанның экологиялық проблемаларын шешу мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда, соның бірі қаламыздың шет жақтарына дейін көгалдандыру жұмыстары оң нәтиже беріп, атмосферамыздың тазаруына өзіндік септігін тигізіп жатыр. Шаһарымыздың гүлденуіне бірге, барлығымыз бір кісідей атсалысайық!!!

Кулбаева Айгерім Амангелдиевна-Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің  Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебінің аға оқытушысы!

Ұласбекқызы Рабия – Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мемлекеттік  және жергілікті басқару мамандығының 1-курс студенті!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама