Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 49 минут бұрын)
Иманғали Тасмағамбетов Алматыда ақын Темірхан Медетбекті еске алу кешіне қатысты

Көрнекті ақын Темірхан Медетбекті еске алуға арналған жылдық асқа Алматыда қоғам және мәдениет қайраткерлері жиналды. Бұл шараға бұрынғы мемлекеттік және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов те қатысып, сөз сөйледі.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жазушылар одағының мүшесі Серік Сейтман әлеуметтік желіде бөліскен видеода жиынның жоғары деңгейде өткені көрінеді. Оның айтуынша, бұл кеш ақынның рухына тағзым етіп, оны құрметпен еске алуға арналған әсерлі шара болды.

Рухани жиынға белгілі тұлғалар келді

Ақынның жылдық асына Ақұштап Бақтыгереева, Қазыбек Иса, Ұлықбек Есдәулет және Асхат Оралов сияқты зиялы қауым өкілдері де қатысты. Серік Сейтман марқұм ақынның тірі кезінде көрсеткен қолдауы үшін оны ерекше құрметпен еске алу қажеттігін айтып, бұл шараны ұйымдастыруды азаматтық парызым деп білгенін жеткізді.

Ақынның шығармашылық мұрасы насихатталды

Шара барысында Темірхан Медетбектің шығармашылығына арналған жаңа кітаптар таныстырылып, қатысушыларға таратылды. Атап айтқанда, Серік Тәукебаевтың "Көк түрік – Темірхан" және Рақымғали Құл-Мұхаммедтің "Ақиқаттың алдаспаны" атты еңбектері көпшілікке ұсынылды. Жиналғандар ақынның қазақ әдебиетіндегі орны ерекше екенін және оның шығармашылық мұрасы ұлт руханияты үшін маңызды екенін атап өтті.

Жаңалықтар

Жарнама