Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ынтымақ үйді жылытады
Тақырыбы: «Ынтымақ үйді жылытады»
Мақсаты: Адамдарды сыйлау – ата - ананы құрметтеуден басталады.
Оқушыларды әке - анасын, ата - әжесін, бауыр – қарындастарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу, жанұя мүшелерінің бірін – бірі қадірлеуге, құрметтеуге, дос болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, суреттер, мерекелік безендірулер.

Барысы: I. Ұйымдастыру
II. Жоспармен таныстыру
1. Кіріспе бөлім
а) «Рухани әңгіме»
ә) Жанұя белгісі
2. Жұмбақ кейіпкер
а) тыңдау
ә) сұрақ - жауап
б) пікірталас
3. Емтихан сұрақтары
а) оқушыларға
ә) ата - аналарға
4. Өз өнерін көрсету
5. Мақал - мәтел сайысы
Кіріспе
а) Рухани әңгіме (жанұя басшыларымен сұхбат)
ә) Эмблемаларымен таныстыру
1. - Ал, ата - аналар, оқушылар, жұмбақ кейіпкерге сұрақтарыңыз бар ма?
- Қандай ақыл - кеңес бересіздер?
- Жұмбақ кейіпкер, сіз бұған кімді кінәлайсыз?
- Балаңыздың достары қандай балалар?
- Жүргізуші: Ұлы Абай «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады»
1. – ата - ана
2. – ұстазынан
3. – құрбысынан деген екен
Жұмбақ кейіпкеріміз бара беруіне болады. Ал енді пікірталасымыздың негізгі бөліміне көшейік.
2. 1. Ата - ана қай жерде қателік жіберді?
2. Осы мәселеге кім тікелей қатысты, әке ме, әлде ана ма?
3. Соңғы жағдайда ана мен бала арасында не жетіспейді?
4. Осындай оқушының орнында болсаңдар не істер едіңдер?
3. Емтихан сұрақтары
1. Ата - ананның туған жылын, күнін білесің бе?
2. Атаң мен әжеңнің жасы нешеде?
3. Анаңның сүйікті әнін білесің бе?
4. Әкеңе, анаңа сыйлықтар сыйлайсың ба?
5. Ата - анаңның жиі айтатын тәрбиелік жақсы сөздері?
6. Сен ата - анаңның алғаш танысу тарихын білесің бе?
7. Әкеңнің мінезіндегі жақсы жақтарын айтшы.
8. Сенде 10.000 теңге бар болсын, не сатып алар едің?
9. Дүкеннен өзіңе қатты ұнайтын затты көрдің. Не істер едің?
10. 8 - наурыз мерекесі жақындап қалды, сенде ақша жоқ. Анаңды немен, қалай қуантасың?
11. Сен бір жұмаға басқа жаққа кеттің. Үй ішіңді сағынасың ба?
12. Ағайыңа (іні, қарындасыңа) жаңа киім әперді, саған жоқ. Бұл жағдайды қалай қабылдайсың?
13. Анаң таңертең қашан тұрады, түнде ұйықтауға қашан жатады?
14. Егер сен сиқыршы болсаң, жанұяңа қандай жағдай жасар едің?
15. Жанұяңда сен үшін не қымбат?
16. Ата - анаң сенің достарыңды біле ме?
17. Сен ата - анаңды аяйсың ба? Қалай?
18. Келешекте сенің жанұяң қандай болғанын қалайсың? Бізге айтып берші?
19. Сені жанұяда көп еркелете ме?
20. Сен ата - анаңның екеуін жақсы көресің бе? Әлде біреуін ерекше жақсы көресің бе?

Ата - аналарға арналған емтихан
Құрметті ата - аналар, сіздерге бала тәрбиесінде емтихан күнделікті әр сағатта, жыл бойы кездеседі. Сондықтан кейбір кездесетін жағдайларды қалай шешесіздер, соны білгім келеді. Мен сіздерге сұрақтар беріп соған жауап берулеріңізді сұраймын.
1. Сіз үйде тығыз бір жұмыс істеп жатырсыз. Балаңыз өзіне көңіл аударғанын қалайды. Сіз не істер едіңіз?
2. Сіз шаршап, өзіңізді нашар сезініп тұрсыз. Сіздің ұлыңызға (қызыңызға) достары келеді. Сіз не істер едіңіз? (сіз не айтар едіңіз?).
3. Қызыңыз (ұлыңыз) сіздің алғашқы махаббатыңыз туралы білгісі келеді. (сіз не айтар едіңіз?).
4. Сіз балаңызға күнделікті көп уақыт (көп көңіл) бөлесіз бе?
5. Сіз балаңыздың темекі тартқанын байқап қалдыңыз. Не істер едіңіз? Өзіңіз темекі тартар ме едіңіз?
6. Балаңыз туған күннен кеш келді, оның аздап ішімдік ішкенін сездіңіз. Не істер едіңіз?
7. Сіз балаңыздың өтірік айтатынын байқадыңыз. Не істер едіңіз?
8. Сіздің балаңыз мұғалімдер туралы жаман пікір айтты. Сіз бұл жағдайда не істер едіңіз?
9. Сізге балаңыздың досы (құрбысы) ұнамайды. Сіз бұл жағдайда не істер едіңіз?
10. Балаңыздың дискотекаға баруына рұқсат бересіз. Балаңыздың сағат нешеде үйде болуын талап етесіз?
11. Сіздің көңіл - күйіңіз төмен болса, жанұяға, балаларыңызға әсері тие ме?
12. Бала тәрбиесіндегі қандай әдісті жиі қолданасыз?
13. Сіз балаңыздың тек қана ата - ана емес, дос болуларыңыз керек. Бұл үшін істеулеріңіз керек?
14. Сіз балаңыздың жаман қылығын білдіңіз. Сіз қалай қабылдайсыз және не істер едіңіз?
15. Сіз балаңыздың күнделігін тексеріп, алған бағаларына анализ жасайсыз ба? Әңгімелесесіз бе?

Бүгінгі «Ынтымақ – үйді жылытады» атты кешімізді қорытындылай келе, бала тәрбиелеуде ата - ананың ықпалы зор, барлық жасыл желектер күн көзіне қарап боп түзейді. Олар көлеңкені сүймейді. Артық бұтақтар мен арам шөптерді қырқып, отап отырсаңыздар еккендеріңіз түзу, алқабыңыз жайнап тұрары сөзсіз. Бала да сол. Оған ақыл - кеңес, өнегелі әңгіме, мейірімі керек. Олай болса, ағайын, бала тәрбиесі тек отбасында ата - аналық парызымыз ғана емес, Отан алдындағы борышымыз екенін естен шығармайық!

Бүгінгі кештен алған әсерімізден әрқайсымыз өз ойымызбен түйін түйейік. Олай болса, кеш соңында мектепке жиі келіңіздер. Атақты педагог В. Сухомлинскийдің «Жанұя мен мектеп тәрбиесі біріккенде ғана толық тәрбие болады» деген сөзін ұмытпаңыздар дегіміз келеді. Бүгінгі кешімізді өткізуге атсалысқан ата - аналарға, ұстаздарға, оқушылар сіздерге рахметімізді айтамыз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама