Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
iPhone Xs, Samsung Galaxy Note 9 және Google Pixel 2 XL камераларын салыстыру

DxOMark-тың кезекті рейтингі бойынша 105 ұпайға ие болған iPhone Xs Max смартфоны дәрежесі бойынша Huawei P20 Pro-дан кейін екінші орынды иемденді. Бұл мақалада біз жаңа iPhone-ды DxOMark рейтингінде одан төмен тұрған смартфондармен — Google Pixel 2 XL және Samsung Galaxy Note 9-бен салыстыруды жөн көрдік.

Сонымен, бізде ең үздік деп саналатын камералармен жабдықталған өте қымбат үш смартфон бар. IPhone Xs смартфонында 12 мегапиксельдік f/1.8 диафрагмасы бар негізгі модуль және  f/2.4 жарық күші бар 12 мегапиксельдік телеобьективі бар. Екі камера да оптикалық тұрақтандырумен жабдықталған. Samsung Galaxy Note 9-да екі камерадан тұратын жүйе: негізгісі  F/1.5 ден f/2.4-ге дейін өзгере алатын диафрагмаса бар 12 мегапиксельдік және F/2.4 диафрагмасы бар 12 мегапиксельдік телеобьективпен жабдықталған, мұнда да екі камера оптикалық тұрақтандырумен қамтамасыз етілген. Ақырында Giogle Pixel 2 XL. Мұнда тек бір камера, бұл жарық күші f/1.8 болған 12 мегапиксельдік модуль. Бір қарағанда Pixel 2 XL ең қарапайым камера сияқты. Ойлай болса, қайсысы үздік екенін салыстырып, бағайық.

Барлық камераларда экспозицияны түзету мен мәжбүрлі фокуссыз автофокус қолданылған, сонымен қатар барлық жерде HDR іске қосылған.

Камераларды көрнекі салыстыру

Cурет нөмір 1: күндізгі фотосуреттерден бастайық, яғни таңертеңгі. Көлеңкесі бар қатты жарық және көптеген бөлшектер.

Сурет нөмір 2: тағы бір таңғы фотосурет. Мұнда бәрі оңай секілді көрінеді, шақырайған күннің жарығы және өте қарапайым нысандар, бірақ егер суретті үлкейтіп қарайтын болса, құрылымы өте күрделі екенін аңғаруға болады.


 
Сурет нөмір 3: тағы бір таңғы фотосурет, бірақ енді макроны, сондай-ақ екінші объективсіз және қосымша бағдарламалық плюшкаларсыз    көріністі көмескі ете алу мүмкіндігін тексеріп көрейік.

Сурет нөмір 4: келесі фотосуретте жақсы әрі күрделі жарықтандырылған үй-жайдың бейнесі. Смартфондардың экспозициямен қалай жұмыс істейтінін тексереміз.

Сурет нөмір 5: үй-жайдағы тағы бір сурет, мұнда да макро, сондай-ақ, біраз күрделі нысандардың шоғыры.

Сурет нөмір 6: HDR жұмысын анықтап алуға көмектесетін суретті түсіру үшін көшеге оралайық. Аспан және үйге түскен көлеңке барлық смартфондарда бірдей көрініс тапқанымен, жапырақтарды әртүрлі етіп түсіргенін байқауға болады.

Сурет нөмір 7: орташа жарықтандырылған бөлмедегі фотосурет. Композицияның қиындығы сол — мұнда алдыңғы шептегі көмескі көрініс бар, ал жылтыр беті бар түсіру нысаны қашан да автофокус үшін қиындық туғызары анық.

Сурет нөмір 8: күндізгі жарық шамының астындағы көзілдірік. Сонымен қатар, бізге осы смартфондардағы ақ түстің балансы қалай реттелетінін көруге мүмкіндік беретін бірнеше үлкен түрлі-түстегі нысандар бейнеленген.

Сурет нөмір 9: дүкендегі шырыны бар бөтелкелер. Сурет көп мөлшердегі жасанды жарықтандыруда түсірілген, сондықтан, мұндай жағдай  смартфондардың камералары үшін өте ыңғайлы болмақ.

Сурет нөмір 10: фотосурет көліктің ішінде, күндізгі жарықта, тек шақырайған күннің жарығынсыз түсірілген. Фотосурет анық және артық шусыз шығуы үшін жарықтың өзі жеткілікті болды.

Сурет нөмір 11: кешкі жарық кезіндегі үйдің қасбеті. Жарық аз болғанымен, қараңғы түспеген.

Сурет нөмір 12: әлсіз жарық кезіндегі ғимараттың есігі. Мұнда да, аса жарық та қараңғы да емес.

Сурет нөмір 13: жарықтың деңгейі орташа болаған күйде портрет жасау үшін үй-жайға қайта ораламыз. Сурет көмескі фоны бар портреттік режимде түсірілген.

Сурет нөмір 14: және тағы бір орташа жарықтандырудағы сондай сурет, бұлыңғыр фонда тек алдыңғы камера арқылы түсірілген.

Сурет нөмір 15: екі есе ұлғайтуды тексереміз. Бұл әдемі гүлшоғы екі рет — үлкейтіп және сол қалпында түсірілген. Google Pixel 2 XL–ға біз сандық зумды қолдандық.

Фотосуреттердің түпнұсқаларын көру үшін мында өтіңіз және суреттердің сапасына өзіңіз көз жеткізіп, өз тұжырымыңызды жасай аласыз. Бұл ақпарат әсіресе, жаңа смартфон таңдап жүрген болсаңыз пайдалы болады.

iPhone Xs өткен жылғы "ондыққа" қарағанда салыстырмалы түрде қарқынды дами түсті. Кейбір жағдайларда ол тіпті Pixel 2 XL-ге қарағанда детализация мен экспозицияны жақсы атқарды. Galaxy Note 9-ға келетін болсақ, жүйе әлі де агрессивті түрде  шуын азайтуға тырысуда, сол себепті детализациясын жоғалтып алуда. Note 9-дың камерасы жаман емес, бірақ компьютер экранында кейбір суреттер қатты бұлыңғырланып көрінеді. Google Pixel–дің өз қиындықтары бар — оның ақ түсті балансы әрдайым жақсы бола бермейді және осы камерадан түсірілген суреттер өңдеу үшін қолайсыз келеді.  Дегенмен, Pixel 2 XL әлі де белсенділігі жоғары, әрі жаңа флагмандарға жол бере қоймайды. 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама