- 05 қар. 2018 00:00
- 210
Қазақстанда информатика 1 сыныптан бастап оқытылуы мүмкін
Қазақстанда информатика пәні 1 сыныптан бастап оқытылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты.
Форумның цифрлық экономиканы дамытудың жаһандық трендтері талқыланған жалпы отырысында Эстония Премьер-Министрі Юри Ратас өз елінде робототехника 1 сыныптан бастап балаларға оқытылатындығын атап өтті.
«Меніңше, білім беру бұл инновацияның барынша маңызды элементі саналады. Мәселен, Эстонияда біздің балаларымыз бірінші сыныптан бастап робототехниканы оқиды. Бұл өте танымал пән», - деді Юри Ратас.
Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Эстонияның мұндай тәжірибесіне қызығушылық танытты.
«Эстонияда бірінші сыныптан бастап робототехниканы оқытуы өте керемет. Біз информатиканы 7 сыныптан бастап оқыттық. Барлық уақытта 7 сынып оқушысы оқытушысынан көп білетіндігін айтып келемін. Біз бағдарламаны өзгерттік және бүгінде информатика үшінші сыныптан оқытылады. Қазір Эстония Премьер-Министрінің сөзінен кейін бізде ойланатын боламыз, 3-інші сынып та кештеу сияқты», - деді ҚР Үкімет басшысы.