Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ішіміздегі дұшпан

Бір күні аттың үстінде кетіп бара жатқан кісі бұлақтың басында ұйықтап жатқан адамның аузына кішкентай жылан кіріп кеткенін көреді. Аттағы кісі ұйықтап жатқан адамды қамшысымен ұрып-ұрып оятады. Ағаштың түбінде шіріген алмалар бар еді. Атынан түсіп оянған кісіге қамшысымен нұсқап «Мына алмаларды же!» деп әмір етеді. Ол таяқ жеуден қорқып, алмаларды көп жегені соншалық, жеген алмалары аузынан шыға бастайды. Кейін аттағы кісіге: «Ей жолаушы! Не үшін ешбір себепсіз маған шіріген алмаларды жегізіп, зұлымдық еттің? Саған кезіккен күнім құрысын, неткен бақытсыздық. Ешбір жазықсыз, тіпті дінсіз адамға да мұндай азап берілмейді ғой» дейді.

Оның бұл сөздеріне мән бермей, оны артынан қуалап, жүгірте бастайды. Ол ағыл-тегіл жылаған күйде жүгіре береді. Соңында жүрегі айнып, ішіндегілердің барлығын құсып шығарады. Сол кезде әлгі жылан да сыртқа шығады. Ішінен шыққан жыланды көрген кезде қатты қорқып, кейін не үшін шіріген алманы жегізгенін түсінеді. Қиналып, азап шеккенін сол мезетте-ақ ұмытып, әлгі кісіге: «Ей жолаушы! Сен данышпан адам екенсің. Сен Аллаһу та’аланың маған жіберген рахметісің (мейірімісің). Мені өлімнен құтқардың. Сен мені мейірімді анадай құтқаруға тырысқан кезде, мен сенен арыстаннан қашқандай қашыппын. Сені көрген, сенімен танысқан адам қандай бақытты адам. Саған жаным пида болсын! Мен ауыр сөздер айттым. Ей мырза! Ей шахтардың шахы! Саған айтқан жаман сөздерімнің барлығы білімімнің жоқтығынан. Егер жағдайды түсінгенімде, саған жаман сөздер айтпас едім. Ей көркем мінезді, ей дана мінезді кісі! Орынсыз, қате айтқан сөздерім үшін кешірім сұраймын, мені кешір!»- дейді. Аттағы кісі былай деп жауап береді: «Егер саған ішіңе жылан кірді деп айтқанымда, сені жыланның уынан бұрын қорқыныш өлтірер еді». (Мәснәуиден)

Осы тақырыпта сүйікті пайғамбарымыз былай деген:

«Іштеріңдегі жасырын дұшпанды айтқанымда, жігіттердің өті атылып, ақылдылардың ақылы құритын еді. Көңілдеріңмен дұға етіп жалынуға, не ораза тұтуға, не намаз оқуға күш-қуат таба алмас едіңдер».


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама