- 14 сәу. 2023 00:00
- 221
Жеті қазынаның бірі
Тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі» (Ертегіні айтып беру)
Мақсаты: Балаларға жеті санының киелі екенін, жеті сурет бойынша ажырату, жеті қазынаны атауға, еліне елеулі қызмет жасайтын азамат болуға, аталған ертегі бойынша қойылған сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру, ертегі бойынша анық, мәнерлі сөйлеуге үйрету.
Жаңа сөздер: Жеті қазына, қыран бүркіт, берен мылтық.
Көрнекілік: Жеті қазынаның суреті.
Сабақтың барысы:
Педагог: Бүгінгі күнімізді бір – бірімізге жақсы тілек айтудан бастайық.
Армысыз, қайырымды Аспан ата!
Армысыз, мейірімді Жер- Ана!
Армысыз, шұғылалы Алтын – күн!
Қуан, шаттан алақай!
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Бәріміз күндей жарқырайық!
Бәріміз дос болайық!
Педагог: Біздің бүгінгі әңгімелейтін тақырыбымыз жеті санына байланысты. Балалар бір аптада неше күн бар?
Сендер бақшаға неше күн келесіңдер?
Ал неше күн демаласыңдар?
Сонда барлығы неше күн болады? (саусақтарымен көрсетеді).
Осы жеті күнді бір сөзбен жинақтап қалай атаймыз?
Апта күндерін атаңдар.
Балалар біздің қазақ халқы жеті санын «қасиетті киелі сан»- деп есептейді. Мысалы, айтатын болсақ, жеті ата, жеті шелпек, жеті қазына.
Байқап отырған шығарсыңдар, барлығы жеті санымен айтылады. Бүгін біз сендермен жеті қазына деп нені айтамыз, соны үйренеміз және «Жеті қазына» ертегісімен танысамыз. Кәнеки, жеті қазынаны мына суреттің көмегімен ажыратайық.
Ер жігіт
Әйел (бұл ана)
Ақыл, білім
Жүйрік ат
Берен мылтық
Қыран бүркіт
Жүйрік тазы (ит)
Ер жігіт дегеніміз – елімізді, жерімізді қорғайтын ер азамат;
Әйел – ол анамыз, біздің ақылшымыз;
Ақыл, білім екеуі бірге жүреді, адамзат ақылмен ойлап, біліммен оқып ізденіп, білімін толықтырып, әр нәрсені шешіп отырады;
Жүйрік ат - адамзат баласын барамын деген жеріне жіткізеді. Бұрын ат болса, қазіргі кезде көлік;
Берен мылтық – мылтыңығ болса, аш болмакйсың, аң ауласаңда күніңді көресің.
Қыран бүркіт – құстың мықтысы бүркітің болса, ол сенің қорғаушың, асыраушың деп есепте;
Жүйрік ит – адамның досы, көмекшісі, қорғаушысы. Адамдар бұрын аң аулауға, алыс жолға шыққанда өзімен бірге алып жүрген.
(Балалар, әр қайсысын суреттен көрсетіп ажыратады). Осы жеті нәрсе адамда болса, ол адам бақытты.
Сергіту сәті: 1-де тұрайық,
2, 3, 4-алақанды соғайық.
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Біз шынығып алайық.
Абдуллаева Фариза