Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 19 сағат бұрын)
Жабайы жануарлар әлемі
Білім беру саласы: Коммуникация.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі.
Апта тақырыбы: «Жабайы жануарлар әлемі»
Тақырыбы: Жабайы жануар
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі баланың коммуникативті дағдылары мен білігін дамыту. Жабайы аңдар туралы түсінік беру, білімдерін кеңейту, олардың тіршілігін сипаттап, сөздік қорын байыту. Жабайы аңдарды ажырата білуге олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету. Негізгі пішінге бөлшектерді құрастыруды дағдыландыру.
Билингвальды компонент: жануарлар - животные, қоян - заяц, қасқыр - волк, аю - медведь
Көрнекілігі: интеративтік тақта, дидактикалық материалдар, жабайы жануарлардың суреттері, т. б.

 Әдіс - тәсілдері: топтастыру, түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, «бейнетаспа көрсету».
Шаттық шеңбері: - Балалар, біз бір - бірімізге жылы жүзбен карап, бойымыздағы жүрек жылуын сыйлайық, содан соң барып оқу қызметімізді бастайық
Қайырлы таң ұстазым
Қайырлы таң достарым
Шеңберге тұрайық
Жылулық сыйлайық.
Добрый утро учитель
Добрый утро друзья
Посмотрите друг на другу
Пожелаите добра
Goodmorning goodmorning
Goodmorning to you
Goodmorning goodmorning
I am glad to see you
- Жарайсындар балалар, отыра қойыңдар!
Тамаша көңіл күймен бүгінгі ұйымдастырылған оқу кызметін бастайық.
- Әңгімелесу «Сұрақ - жауап» әдісі
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Табиғатта қандай өзгерістер бар?
- Жапырақтар қандай түске айналады?
- Күз айларын атаңдаршы
- Дұрыс айтасыңдар, жарайсыңдар, балалар!
- Балалар, өткен оқу кызметінде қандай тақырып өттік?
Ендеше өткен тақырыбымызды пысықтап өтейік. Өткен оқу қызметінде үй құстары және дала құстарын өттік. Үй құстар аулада болады, оларға адамдар жемдерін береді, ал дала құстары ағаш түбіндегі құрт құмырсқалармен қоректенеді. Қыс түспей тұрып өз азықтарын жинайды екен.
- Балалар мен сіздерге жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаймыз. Сол жұмбақ шешу арқылы жаңа ұйымдастырылған оқу қызметін ашамыз..
1. Арадан қорқатын аң?
2. Сылдырдан қорқады
шошынып жортады?
3. Қырда жүрер жортып
Ініде жоқ бармайтын
Құйрығымен бұлтартып
Қандай аң бұл алдайтын.
4. Тон мойынды жуан көк
Желіп жортып бүкеңдеп
Несібесін даладан
Еңбек қылмай жүрер тек.
- Жарайсыңдар балалар!
- Балалар бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?
Бүгінгі жана оқу қызметіміздің тақырыбы: « Жабайы жануарлар»
Тақырыпқа байланысты бейне жазба көрсету.
- Жабайы жануарлар қайда мекендейді балалар?
- Немен қоректенеді?-
Қасқыр - өздерінен кіші жануарға шабады.
Түлкі - ұсақ аңдармен тышқандармен қоректенеді.
Коян - шөптермен қоректенеді, сүйікті тамағы сәбіз.
Аю - жазда жеміс - жидектермен, балықпен және де балды жақсы көреді, ал қыста ұйықтайды.
Жабайы жануарлар елсіз далада болады. Табиғатта жабайы жануарлардың түрі көп. Олардың ішінде пайдасы да, зияндысы да бар. Жабайы жануарлардың да балдары болады. Олар өздерінің балдарын жақсы көреді.
- Қасқырдың баласы - бөлтірік.
- Қоянның баласы - көжек.
- Аю баласы - қонжық.
- Түлкі баласы - мышан
- Қасқыр мен түлкі жыртқыш жануарлар. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді. Олар қыста ұйықтамайды. Өз азықтарын, өздері тауып жейді.
Ал аюға келетін болсақ аюды екі түрі бар. Ақ аю, қоңыр аю. Ақ аю – суда мекендейді. Ал қоңыр аю, тоғайда орманда мекендейді.
Қоян – ең қорқақ жануар. Қоян ағаштардың қуысында қыстайды.
Тіл ұстарту жаттығуы:
- Я - ян - ян секеңдеген ақ қоян
- Ю - ю - ю қорбаңдаған аю
- Кі - кі - кі бұл айлакер түлкі
- Қыр - қыр - қыр бұл көкжал қасқыр
Сергіту сәті:
Балалар сіздер шаршаған шығарсыңдар бір серігіп алайық. Ендеше музыка әуенімен қимыл қозғалыс жасаймыз.
Д/ О: « Бұл қай аң?»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін арттыру, жылдамдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
- Міне балалар тақтамен жұмыс жасап жабайы жануарларды таптық. Ендеше алдарыңдағы үлестірмелі материалдан жабай жануарларды тауып қоршаймыз.
Жеке жұмыс: «Артық жануарды тап»
- Жабайы жануарларға арналған тақпақтар білеміз бе?
Түлкі деген қу ғой,
Жүрген жері шу ғой.
Жатып алып жағада,
Іздегені ду ғой.
Ақ қоян – ау ақ қоян,
Ұзын құлақ сақ қоян,
Қаша берсең орманға
«Қорқағым» деп ат қоям.
Қасқыр орманда жортады,
Аяздан ол қорқады.
Аспанға қарап ұлиды,
Ауылда малды ториды.
Мен – мықты арыстан,
Аңдардың патшасы.
Жауымның алысқан
Күл болған қаңқасы.
Тоңпаң - тоңпаң жүретін
Аю - үлкен жануар.
Балды жақсы көретін,
Аю деген жануар.
Жолбарыспын жыртқышпын
Бәрінен де мықтымын.
Ормандағы аңдарды,
Жайратып салар күштімін
Қорытынды:
1. Бүгін оқу қызметі ұнады ма?
2. Қандай жануарлармен таныстық?
3. Ненің суретін таптыңдар?
- Балалар осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды, жақсы қатысып отырдыңыздар көп – көп рахмет.
Қане апайларға сау болыңыздар дейміз.

Атырау қаласы, Бірлік ауылы,
№35 «Балақай» бөбекжай - бақшасының тәрбиешісі
Алдабергенова Айнагуль Танатаровна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама