Жаһандану
Сабақ тақырыбы: Жаһандану
Тарау: 7 - бөлім: Жаһандану
Оқу мақсаты:
О2. Стильдік ерекшеліктерді анықтау
9. О2. Публицистикалық стильдің (мақала, интервью, үндеу) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау.
Сабақ мақсаты: Публицистикалық стильдегі мәтіннің мазмұнын түсіну, жанрлық ерекшелігін меңгеру
Бағалау критерийлері:
Мәтіндегі ақпараттарды модель бойынша дұрыс жүйелейді.
Ақпараттардың жүйелілігін сақтай отырып, еркін түсіндіреді.
Мәтіннің жанрын дұрыс анықтайды.
Жанрға тән тілдік ерекшеліктерді дұрыс анықтайды.
Тілдік міндеттер
Білім алушылар істей алады.
Кілт сөздер мен фразалар:
бәсекелестік, үдеріс, қолы жету, серіктестік, иемдену, басымдық, теңсіздік, шөлейттену
Сабақтың басы
3 минут Қызығушылықты ояту кезеңі
«Көңілді доп» Оқушылар бір - біріне доп лақтыру арқылы алдыңғы сабақта өткен сөздерге сөйлем құрап айтады.
Ортасы
34 минут Оқушыларға тарау тақырыбы, тілдік дағды мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады. 1 мин
Оқылымалды тапсырмасы «Сөздік карта» 5+5 минут.(сөздік кз)
Оқушылар 2 үлкен топқа бірігеді. Топтағы әр оқушыға мәтін мазмұнындағы 1 сөздің мағынасын талдау жұмысын жасайды. Тілдік дағдысы жоғары оқушыларға 2 сөз беріледі. Топта өз сөздерін өзге оқушыларға органайзер бойынша түсіндіреді. Сөздік таратылады.
Сөздер: бәсекелестік, үдеріс, қолы жету, серіктестік, иемдену, басымдық, теңсіздік, шөлейттену
Мұғалім модельді құрастыруға қатысты түсініктеме береді, үлгі көрсетеді.
Оқылым тапсырмасы. Мәтінді оқып, «Логикалық мағына моделін» құрастырыңыз. Жұбыңызға ЛММ бойынша ретімен мәтінді жүйелі түсіндіріңіз. Тілдік деңгейі төмен оқушыларға модельдің координатоларына тірек сөзді жазып ұсынуға болады. (саралау) 10+4 минут.
Оқылым мәтіні
Қазіргі әлемде жаһандану үдерісі қанатын жайып келеді. Жаһандану елдердің экономикасының, саясатының және мәдениетінің бірігуі арқылы жүзеге асады. Ол әлемдік жүйеге үлкен әсерін тигізеді.
Жаһанданудың ең көп пайда әкелетін саласы - экономика және индустриялық даму. Оған бірнеше себептер бар. Біріншіден, жаһандану халықаралық бәсекелестікті арттырады. Мысалы, қазіргі уақытта Қытай тұтынуы жоғары тауарларды өндіріп сатады да, осы ақшасына Жапониядан жоғары технологиялары сатып алады. Екіншіден, тауар өндіру масштабының ұлғаюы бағаның төмендеуіне әкеліп соғады. Оның басты себебі - өнімнің өзіндік құнының азаюы. Осының арқасында халықтың әртүрлі тауарлар мен қызметтерге қолы жетеді. Үшіншіден, дамушы елдерде қосымша жұмыс орындары ашылып, халықтың жұмыссызық деңгейі төмендеп жатыр. Мысалы, бүгінгі күні АҚШ - тың өнеркәсіптік компаниялары Африкада немесе Оңтүстік - шығыс Азиядағы дамушы елдерде өздерінің зауыт - фабрикаларын ашты.
Жаһанданудың ғылым және техниканың дамуына қосатын үлесі қандай? Бұл мемлекеттер арасында бәсекелестік пен серіктестікті туғызып, ғылым және техниканы жетілдіруді күшейтеді.
Танымал экономист Дж. Сакстың айтуынша, қазіргі жаһандық әлемнің ең маңызды ерекшеліктерінің бірі – «технологиялық бөліну». Әлем халқының тек 15% ғана құрайтын құрығы ұзын елдер ғаламшар халқының қалған бөлігін қазіргі заманғы технологиялармен қамтамасыз етеді, себебі ол мемлекеттерде қазіргі заманғы технологияларды өндірмейді және шетелдік технологияларды баяу енгізеді.
Алайда жаһанданудың жағымды жақтарымен қоса жағымсыз жақтары да бар. Біріншіден, жаппай жаһанданданудың кесірінен бай және кедей мемлекеттердің арасындағы теңсіздік ұлғайып жатыр. Оның себебі өндірістен келген кірістің көп бөлігі бай мемлекеттердің қазынасына түседі. Өндіріс орны кедей мемлекеттерде орналасса да, олар кірістен түскен қаржының аз ғана бөлігін иемденеді. Екіншіден, дамыған және дамушы мемлекеттерде экономикаға басымдық беріледі. Сондықтан қоршаған ортаның экологиялық жағдайы күннен - күнге нашарлап, климаттың өзгеруі, шөлейттену, қышқыл жаңбырлар, озон қабатының бұзылуы, әлемдік мұхит проблемалары, ғаламдық жылыну, қауіпті қалдықтар, ормандардың азаюы секілді ғаламдық экологиялық проблемалардың адамзаттың болашағына әкелер зор қаупін естен шығармауымыз қажет.(267 сөз)
Дескриптор:
- ортадағы шеңберге мәтіндегі негізгі тақырыпты анықтап, жазады;
- мәтін мазмұнындағы ақпараттарды тақырыпшаларға бөледі;
- тақырыпшаларды байланысу ретімен әр координатаға жазады;
- координаталарға қатысты ақпараттарды сөз тіркесі, күрделі сөз тіркестерімен координата бойына орналастырады;
- соңғы координатаға мәтіннің жанрын жазады;
- координатаның бойына жанрды дәлелдейтін 3 аспектіні жазады;
- координаталардың ретін сақтай отырып, жұбына ақпарат береді.
Оқылымнан кейінгі тапсырма. ЖЖ. Мәтіннің жанрын және стилін анықтаңыздар. Мәтіннен жанрға тән аспектілерді анықтап, дәлел келтіріңіздер.
5 минут.
Дескриптор:
- мәтіннің стилі мен жанрын анықтайды;
- мәтіннен жанрға тән 3 тілдік аспектіні табады.
Жұптар өзара жұмыстарын алмасып, салыстырып тексереді. Таңдау бойынша 1 жұп өздері бағалаған жұптың жұмысы туралы кері байланыс береді. 2 минут
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы
Химия - биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Сулейменова Мейрамгуль Мейрашовна
«Үздік ұстаз» бәйгесіне
Қатысатын категория: Қазақ тілі мен әдебиеті
Жаһандану жүктеу