- 05 нау. 2024 04:07
- 199
Қош бол балабақша!
Қош бол балабақша!
Залға балалар шармен музыка әуенімен кіреді.
Барлығы: Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс! (шарларын ұшырады)
Олжас: Құрметті қонақтар армысыздар,
Бәріңізде есен - аман бармысыздар.
Таусылмайтын ағытып ой арманың,
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын.
Қарақат: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Жүздерінен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Ернұр: Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып, ортаға білім мен тәрбие нәріне сусындатқан әпкилерімізді ортаға шақырайық.
Ортағы екі тәрбиеші «Астапурай» өлеңінің әуенімен ән айтады.
Гүлшат:
Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым - ай,
Бақшамыздан тәрбие алғандарым - ай.
Енді міне ер жетіп бәрің бірге – ай,
Достарыңмен мектепке барғандарың - ай
Қайырмасы
Балаларым - ай, балғындарым - ай, (2 рет)
Кілең беске оқыңдар жарқындарым - ай.
Ақдидар:
Күлерсіңдер әрқашан шаттаныңдар - ай,
Барлығыңда болашаққа аттаныңдар - ай.
Аттаныңдар жұптарың жазылмасын - ай,
Ешқандайда қиындықтыр жолықпасын - ай.
Қайырмасы.
Балаларым - ай, балғындарым - ай, (2 рет)
Кілең беске оқыңдар жарқындарым - ай.
Гүлшат:
Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Олардың әр бірі балабақшадан білім деген іргетасын қалап, мектепте үлгілі оқушы болатынына сеніміз мол. Қанекей, кішкентай түлектерімізге тағы да бір қошеметпен қол соғып қояйық.
Ақдидар:
Өсті ақыл, ойларың,
Өсті, міне, бойларың.
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың!
Гүлшат: Бүгінгі кешіміздің түлектерін таныстырып өтсек.
Биязы мінезімен
Түрлі рөлді сомдайды.
Күлімдеген Жанельді
Барлық досы қолдайды.
Ақдидар:
Спортты жаны сүйеді
Салауатты өмір сүреді.
Бар қоғамдық жұмыстың,
Ортасында жүреді.
Серік топтың жүрегі.
Гүлшат:
Қандай да болсын игі іс,
Онсыз сірә бітпейді.
Гүл жайнаған Нұрайды
Жауқазын гүлге теңейміз.
Ақдидар:
Сабырлы, жайсаң мінезі
Адалдықты сүйеді.
Бәрі де бәрі сыйлайды
Топтас құрбы Әсемді.
Гүлшат:
Бойында үлкен намыс бар,
Әрқашан алға ұмтылған.
Сегіз қырлы, бір сырлы
Намысшыл жігіт Бексұлтан.
Гүлшат:
Ортамыздың ажары,
Перизаттай ерке қыз.
Әр қылығын көтеріп,
Еркелете береміз.
Ақдидар:
Ойы ұшқыр Құндыз,
Математиканы сүйеді.
Қиын есеп болса да,
Лезде шешіп береді.
Гүлшат:
Айтыскер болу арманы
Өзі сондай салмақты.
Нұрландырған ортаны,
Біздің Қарақат жан - жақты.
Қош бол балабақша! жүктеу