Жалпыадамзаттық құндылықтар: АҚИҚАТ
Реферат
Тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтар: АҚИҚАТ
Жоспар
І. Кіріспе
Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің бүкіл педагогикалық үдерісінің негізі
ІІ. Негізгі бөлім:
а) Ақиқат – өзін – өзі тану мақсаты;
ә) Абсолютті ақиқат. Салыстырмалы ақиқат
б) Менің өмірімдегі ақиқаттың маңызы
ІІІ. Қорытынды
ҮІ пайдаланған әдебиеттер
Рухани - адамгершілік – адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай - ақ кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық та рухани - адамгершілікке жатады.
«Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту – «Өзін - өзі тануға» негізгі рухани жол болып табылады»
Сара Алпысқызы:«Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде - ақ пайда болады. Сондықтан да кез келген мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі».
«Адам дегеніміз үш түрлі жүйеден (Тән, Жан, Рух) тұратын тіршілік иесі». «Адам табиғатындағы үш жүйенің: Тән, Жан, Рухтың тәрбиесі түзелмей, әділетті қоғам да, мейірімді мемлекет те болуы мүмкін емес!...»
Қазіргі заманда жалпы әлемге ортақ адамзаттың бірлігі өлшеусіз өсіп келеді, жалпы тағдыр және жалпы жауапкершілікпен бірлескен жаңа жүйе қағидасы қалыптасуда, сол себепті социологтар біртұтас өркениет құру туралы айтқанды жөн көреді. Барлық адамдардың өмірлік қызығушылығына түрткі болатын – “қазіргі жаhандық мәселелер” деген атау алды. Бұл мәселелер құрамы адамзат алдына жаhандық мәселені қойды. Яғни “адамзат күн көріс” үшін жасалған әрекеттер адамзаттың рухани жұтаңдыққа әкеледі.
Қазіргі замандағы жаһандық мәселелер
Жеке тұлғалық қоғамдық әлемдік экологиялық дағдарыс дағдарыс дағдарыс
Жеке тұлғалық дағдарыс(жеке бас дағдарысы)
1. Зияткерлік - жан - жағындағы барлық затты үйреніп алғысы келіп күйзеліске келу.
2. Эмоционалдық – көрген білгенін үйрене алмай күйзеліске ұшырау.
3. Тәндік – күйзелістен ішкі тәндік дағдарысқа келу.
Қоғамдық әлемдік дағдарыс
Экономикалық - мамандық түрі көп, жұмыс жоқ.
Саяси - алыс сапарға шығу үшін уақыт тауып жол жүреміз, алайда жақын жердегі көршінің үйіне баруға уақыт таппаймыз.
Мәдени - адамдар керемет ақылды, адамгершілігі төмен.
Отбасылық - салынып жатқан үйлер өте көп, алайда тату - тәтті отбасылар жылдан жылға азайып барады.
Білім беру - ғылыми дәрежесі бар адамдар өте көп, парасатты ойлайтын данышпан жоқ.
Аксиология -( грек тілінен алғанда «құндылық», логос - ілім құндылық категориясын зерттейтін философия саласы. Адам үшін аса маңызды заттар құбылыстар, қасиеттер, жай күйлерді құндылықтар деп атаймыз. Жеке адам үшін барлық құндылықтардың біреуінің маңызы жоғарырақ болса, екіншісінің маңызы азырақ болады. Өмірде адам санасында құндылықтар тұрақтап қалмайды. Бірі алға шықса, енді бірі екінші кезекке жылжиды.
Т. И. Петракова құндылықтар жүйесін үшке бөліп қарастырды.
Табиғи құндылық – бұл адамның табиғи күші мен жан дүниесінің қабілеттілігі құндылықтары, яғни ақыл - ой, сезім, күш - жігер т. б.
Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар, яғни әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық т. б.
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар - ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.
Ақиқатты тануға ұмтылыс адамды өзіне мынандай сұрақтар қоюға итермелейді:
1. Мен кіммін?
2. Менің өмірдегі мақсатым қандай?
3. Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын?
4. Өзімнің ішкі “Менімді” қалай тани аламын?
Біздің әрқайсысымызда үш тұлға бар
Физикалық тәнімізді саналы түрде сезінуіміз
Басқа адамдардың біз туралы ойларынан қалыптасатын болмыс
Сүйіспеншіліктен жаратылған шынайы және нағыз болмыс
Ақиқат – таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат — білімінің адамға да, адамзатқада тәуелсіз мазмұны. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат диалектик байланыста. Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы негізінде құралады.
Ақиқатты танып - білу процесі — тарихи қарама - қайшылықты, шексіз процесс. Ақиқат тереңде жатады. Оны ұғынудың қиындығы да сонда. Қазақтың ғылым туралы “инемен құдық қазғандай” деген мақалы ақиқатқа жетудің мәнін де жақсы ашып береді.
Жалпыадамзаттық құндылықтар: АҚИҚАТ. жүктеу