Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Үйшік. (Орыс ертегісі)
Ана тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Үйшік. (Орыс ертегісі)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды халық ауыз әдебиеті – халық шығармаларының түрлерімен таныстыру. Ертегі түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ұлттық әдебиет негіздері туралы білімдерін дамыту. Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде ұлтжандылыққа тәрбиелеу.. Ел егемендігін, ұлттық рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс.
Көрнекілік: Суреттері. Бүктемелер. «Жыл мезгілдері», «Көктем» тақырыбындағы суреттер

Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Халық ауыз әдебиетінің түрлерін пысықтау.
Ертегілер. олардың түрлері.

Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Жұмбақ шешу.
Оқулықпен жұмыс ЕРТЕГІ. Үйшік.
Оқулықтан ертегіні мәнерлеп оқу.
1. Ерте - ерте, ертеде деп басталатын халық шығармасы қалай аталады?
2. Ертегілердің қандай түрлері бар? Сызбаны толтыр.
Ертегілер
3. Берілген орыс халық ертегісін түсініп оқы.
4. Топтық жұмыс. Кейіпкерлер арасында сөйлесу (диалог) құрап, ертегіні сахналап көріңдер.
Үйшік. (Орыс ертегісі). жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама