Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Жаңа форматтағы жаңашыл семинар

2019 жылдың 8 қарашасында қалалық білім бөлімімен бірлесіп, Түркістан облысы, Түркістан қаласы «Керемет» бастауыш мектеп-балабақша кешенінде жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Оқу үдерісінде кері байланыс жүргізудің маңыздылығы және түрлері» атты қалалық семинар өтті. Семинар білім беру мен тәрбие жүйесіндегі жаңашыл әдіс-тәсілдерді, оқыту құралдарын, жаңа педагогикалық және білім беру технологияларын ізденуге және қолдануға әдістендіру мақсатында өткізілді. 
Мектеп ұжымы өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, жоғары деңгейде өткізді. Семинарға қалалық мектептерден келген 60-қа жуық мұғалімдер қатысты. 

Семинар Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына, қазақтың үш бәйтерегінің 125 жылдығына және мұғалімдердің шығармашылығына, оқушылардың қолөнеріне арналған көрмесінен бастау алды. Семинардың ашылуында мектеп директоры Қуатбекова Райхан Тұрсыматқызы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрымбетова Сәуле Сейтенқызы сөз сөйлеп, семинар бағдарламасымен таныстырып, келген барша қонақтарға сәттілік тіледі. 

Әрі қарай, келген қонақтарға көтеріңкі көңіл сыйлау мақсатында, Берік Назым өткізген «Көңіл күй әлемінде» атты тренингпен жалғасты. Мектептің бастауыш сынып мұғалімдері педагогикалық шеберліктерін көрсетіп, тәжірибені жақстарту бойынша үлгілі сабақтарын ұсынды. Сабақтарға қатысқан мұғалімдер жоспарлау, белсенді оқыту тәсілдерін қолданудағы өз білімдерін тереңдетіп, командалық оқыту үлгісін көре алды. Сабақтарға талдау жасау, тілдік дағдыны дамыту аспектілерін айқындауға мүмкіндік берді. Сабақтағы қалыптастырушы бағалау мен оның ажырамас бөлігі – мұғалімнің кері байланысын білікті ұсыну қажеттігін атап көрсетті.  

Ағылшын пәні мұғалімі Арыстанбекова Жанат Қыдырбайқызының жетекшілігімен «Қызыл телпек» музыкалық композициясы қойылымын көрсетіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

Саралап оқытуды жүзеге асыру бойынша кері байланыстың түрлері мен әдістерімен таныстыру мақсатында Ниязова Гүлчехра өткізген коучинг мұғалімдердің қызығушылығын туғызды. 

Ұйымдастырушылар өздерінің кері байланыстарында семинардың практикаға бағдарланған форматын атап көрсетіп, мектеп мұғалімдеріне кәсібилік және ынтымақтастық атмосфера үшін алғыстарын жеткізді. 

Семинар соңында қалалық білім бөлімінің әдіскерлері Есенғараева Динара мен Абдужаппарова Мархила қорытынды сөз алып, ұйымдастырушы тарапты марапаттап, келген қонақтарға алғыс білдірді.

Түркістан облысы, Түркістан қаласы
«Керемет» бастауыш мектеп-балабақша 
кешенінің мұғалімі
Бимырзаева Айкерім Маханбетқызы

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама