- 09 мам. 2020 00:00
- 243
Білімнің іргетасы - бастауыш мектеп
Түркістан қаласының «Керемет» бастауыш мектеп-балабақша кешенінде «Педагогикалық идеялар жәрмеңкесі» өтті.
Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. Оқушылардың білім деңгейі заманауи талапқа сай болуы қажет. Сол себепті ұстаздар, тәрбиешілер әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп, сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек. Ұлы Абайдың «Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе, «нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» демекші, шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болуы керек. Сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана білуі және ұстаздық құндылықтарды ұстану қажет. Әр ұстаздың өзінің өзіндік педагогикалық идеялары болуы қажет.
Осы орайда, мамандарды қызметке бейімдей отырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру, теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіптік құзіреттіліктерін нығайту және ұжымдық қарым - қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе алмасу мақсатында Түркістан қаласының «Керемет» бастауыш мектеп-балабақша кешенінде ұзартылған күн тобы тәрбиешілері арасында «Педагогикалық идеялар жәрмеңкесі» өткізілді. Педагогикалық іс-шара жоғары деңгейде өтті. Ұзартылған күн тобы тәрбиешілері жұмыстарының жаңашылдығына, білім берудегі заманауи технологияларды қолдануына, ұйымдастырушылық қабілетіне және сөйлеу шеберлігіне баға берілді. Іс-шарада тәрбиешілеріміз сабақ барысында қандай әдіс-тәсілдерді қолданатынын, жалпы педагогикалық идеяларын, оларды дәрісте қалай қолданатынын қорғап шықты. Мектепшілік педагогикалық идеялар жәрмеңкесі көптеген ауқымды тақырыптарды қамтиды. Бұл жәрмеңкеде жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқушыларды ізденіске талпындырып, функционалдық сауаттылықтырын арттыру мақсатында қатысушылар әртүрлі тың тақырыптармен таныстырады деген ойдамын. Педагогтар жиыны барысында «Қазіргі уақытқа дейінгі жетістіктер мол. Десек те, атқарылған және атқарылмақ жұмыстар баршылық», - деп, келген ұзартылған күн тобы тәрбиешілері өз тәжірибелерімен бөлісіп, мастер-класс көрсетіп, ой-пікір алмасты, тәжірибелерімен бөлісті.
Мектеп директоры Қуатбекова Райхан Тұрсыматқызы іс-шара соңында қорытынды сөз алып, жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Жәрмеңкеге келген көрермендер, шақырылған қонақтар тарапынан «Тәрбиешілер ізденістерінің нәтижесі үлгі тұтарлық екен. Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп жүрген ізгі жандарға әрдайым шығармашылық табыс тілейміз», - деп ыстық лебіздері айтылды.
Бимырзаева Айкерім Маханбетқызы
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
"Керемет" бастауыш мектеп-балабақша кешені директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары