- 05 қар. 2019 00:00
- 266
Жанақтың шұбары
Бір ақсақалдың асы беріліп жатады. Оған Жанақ та келеді. Бәйге жарысына өзінің Шұбар деген жүйрік атын қосады. Озып келген атты сол елдің бір байы «менікі» деп дау салады. Қазыға жүгінсе, қазы оларға:
— Дәлелдейтін нелерің ба? — дейді.
Сонда Жанақ:
— Құлынынан асырап едім. Атымның есінеген кезде көрінетін көмейінде танадай қалы бар, — дейді.
Билер тексере келсе, рас болып шығады. Әлгі даукес бай ат-шапан айыбын төлепті.