Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы

Міржақып Дулатұлы атындағы  №68 мектеп-гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі-Тулеубаева Марал Сабыровна  

Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет. Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Бүгінгі күні еліміз қоғам дамуының жаңа жолына түсті, бұғанасын бекітті, керегесін кеңейтті, Тәуелсіз Қазақстан шаңырағын биіктетті,  Елтаңбасын дүниенің төрт бұрышына жұлдыздай жарқыратты, Әнұранын әлем төрінде әуендетті, көк байрағын көкте желбіретті. Отыз жылдың ішінде Қазақстан түрлі жаһандық жаңалықтарға тап болып, өсті, өркендеді, дамыды. Елдің болашағы- жастар десек, Қазақстанның одан әрмен көркеюі де сол өскелең ұрпақ қолында.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласында: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім түсінуі қерек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» делінген. Демек, бізге жүктелген міндетті орындауымыз үшін, қысқа уақытта жүзеге асыруымыз үшін бізге ең қажет дүние- білім. XXI ғасыр – жаһандық жаңалықтар ғасыры ғана емес, сонымен қатар білімнің дәуірлеу ғасыры. Неге десеңіз, бүгінгі күнде кез келген мемлекеттің тұрақты қарқындап дамуында, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көтеруде, елдің әлемдік деңгейдегі орнын айқындауда маңызды рөль атқарады. Бүгінгі жастардың бақытына орай, бізде тегін білім алып, ғылыммен шұғылданып, жаңалық ашуға, идея бөлісіп, оны жүзеге асыруға толық мүмкіндік жасалған. Егеменді еліміз оқу-ағарту ісіне, білім сапасын көтеру мәселесіне, білім жүйесіне жаңа бағыттар еңгізіп, білім ордаларының материалдық-техникалық базасын жақсартуға ерекше мән беруде. Осы мүмкіндіктерді оңтайлы пайдалана отырып, ел сенімін ақтау- әр қазақ жастарының басты мақсаты болу қажет.

Бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі болған тұсы- білім алушылардың сабаққа қатысты қызығушылығын арттыруға жағдай жасау, қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру . Білім беру үрдісіндегі жаңартылған білім мазмұны - білім берудегі ең ірі әрі аса маңызды қадамдардың бірі дер ем. Оқушылардың өз бетінше оқып үйрену және адам мәдениетінің кез-келген саласында жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін қалпына келтіру қабілеттерін қалыптастыру, ғылыми жаңалықтарға деген көзқарасын, ынтасын, шабытын ояту, тәрбие мен білімді, шығармашылық пен қабілетті, бәсекелестік пен ынтаны қатар ұштастырып, оқушының сапалы білім алуына ықпал жасау-жаңартылған білім беру мазмұнының басты мақсаты. Мұғалім шеберлігі мен кәсібилігін аса талап ете отырып, жаңашыл бағытқа бой алдырған жаңартылған білім берудегі басты ерекшеліктер мынадай:

•    Интеллектуалды, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру;
•    Педагогтың дидактикалықғ әдістемелік, педагогикалық-психологиялық дағды мен білімін кәсіби дәрежеде дамыту:
•    Критериалды бағалау жүйесін еңгізу;
•    Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін мен құралдарды пайдаланып тиімді оқытуды алға қою;
•    Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық.

Осы ретте, жаңартылған білім беру мазмұнының жаңа өзгертуінің біріне нақты тоқталып, талдап көретін болсақ, бүгінгі күнде білім жүйесіндегі ең сәтті өзгеріс әрі ірі жаңалық – бағалау жүйесінің өзгеруі дер ем. Себебі, осы күнге дейін қолданылып келген «Дәстүрлі бағалаудың» өз алдына кемшіліктерін сөз еткенде артықшылығын басып озып, басым болып түсуші еді. Дәстүрлі бағалау белгілі бір дәрежеде түсініспеушіліктерді туғызады, тиімді бағалау жолындағы үлесі аз, әрі оқушылардың мазасыздану деңгейін де арттырады. Біржақты бағалау бүкіл оқу процесіне өзінің кері әсерін тигізеді. Негізінде, мектептегі бағалау жүйесі оқушыны жетістікке бағыттап, өзін-өзі бағалаудың дамуына ықпал етуі керек, оқуды және тіпті кішкентай оқушының үлгерімін ынталандыруы, бағдарламаны іске асыру деңгейі туралы ақпарат беруі керек. Критериалды бағалау оқушы үшін де, оқытушы үшін де, және ата-аналар қауымы үшін өзінің келелі жемісін көрсетіп, таптырмас мүкіндіктерді сыйлап отыр. Бағалаудың критериалды әдістері дәстүрлі әдістерден айтарлықтай ерекшеленеді.  Өзге бағалау түрлері секілді де бұл бағалаудың өз алдына қойған міндеттері, артықшылықтары, ерекшелігі, жолы, тәсілдері бар. Критериалды бағалаудың артықшылықтары мыналар:

•  Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау ашық, объективті, айқын болады;
•  Оқу процесіне қатысушылар арасында достық қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді;
•  Оқушының рефлексия мүмкіндігі бар;
•  Оқушы өз қызметінің нәтижелерін түсінеді;
•  Жұмыстың жеке элементтерін бөліп көрсетуге және оларды элементтер бойынша бағалауға мүмкіндік береді.
•  Дайындық деңгейі мен білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Критериалды бағалаудың өз алдына қойған міндеттеріне жету ықпалы да жоғары. Атап көрсететін болсақ, критериалды бағалауды еңгізудегі міндеттер:

1. Мектептегі оқыту сапасын жоғарылату;
2. Білім жүйесіндегі бағалаудың халықаралық стандартқа сай болуын сәйкестендіру;

Қорытындылай келгенде, жаңартылған білім беру мазмұнындағы енгізілген әр тармақ- сәтті, әрі заман талабына сай. Бүгінгі күн –ертеңгі тарих болатын болса, тарихымыздың жарқын, болашағымыздың айқын болуы үшін білім беру үрдісінен бастағанымыз жөн. Себебі, болашақ- ұрпақтың қолында!
    
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. А. Әлімов “Оқытудың интербелсенді тәсілдері” Алматы .
2. (Методическое пособие для тренера. Программа «Street Law». Сост. Мухтарова А.К., Булуктаев Ю.О., Калинина А.А., Асанбекова Г.С. - Алматы: Фонд «XX! век», 2001. -34 бет


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама