Жәндіктер
Білім беру саласы:Қатынас, Таным, шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті:Тіл дамыту, Математика, Көркем әдебиет, Сурет, Мүсіндеу, Жапсыру, Қоршаған ортамен таныстыру, Құрастыру
Тақырыбы: «Жәндіктер»
Мақсаты:балалардың сөздік қорын дамыту, табиғаттағы тіршіліктің оянуын, жәндіктердің тіршілігі,
олардың атауы, пайдасы мен зияны туралы түсініктер беру.
Тақпақтар, мақал - мәтел, жұмбақ шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін жетілдіру. Жәндіктерді ажырата білуге жаттықтыру.
Дамытушылық:есте сақтау қабілетін дамыту
Тәрбиелік мәні:табиғатты қорғау, оларға қамқорлық, адамгершілікке, достыққа баулу.
Көрсету, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойын түрлері әдіскерлік тәсіл ретінде қолданылады.
Сөздік жұмыс:зиянды, пайдалы
Көрнекілік:жәндіктер суреттері, дидактикалық материалдар, жәндіктер.
Балалар қонақтармен сәлемдесіп, шаттық шеңберіне жиналу.
Шаттық шеңбері:
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз
Иіліп сәлем береміз
Біз әдепті баламыз
Топқа Дымбілмес кіреді.
«Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен, сендермен ойнайын деп келдім, қарным ашты, қазір алау жағып тамақ дайындайын. Жәндіктерді құртайын.
- Балалар, от жағуға бола ма?
- Болмайды!
- Онда құстарды атып ойнайын.
- Балалар, құстарды атуға бола ма?
- Болмайды!
Алау жағуға, құстарды атуға, қоқыс шашуға, суды ластауға болмайды!
Дымбілмес: балалар кешіріңіздер, мен енді түсіндім, табиғатты қорғап жүремін.
Дымбілмес: кешірім сұрап шығып кетеді.
Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы
«Жәндіктер»
Балалар,Қатынас, Таным, Өнер, Ғылым орталықтарына бөлініп отырады.
«Қатынас»орталығы
Балалар, қазір қай мезгіл? (Көктем мезгілі)
Көктем мезгілінде неше ай бар? (Үш ай бар)
Үш айды атаңыз? (Наурыз, сәуір, мамыр)
Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? (Күн жылынады, ағаштар бүршік жарады. Құстар жылы жаққа ұшып келеді, жәндіктер жер бетіне шыға бастайды).
Мына жәндіктер қалай аталады? (Көбелек, ара, инелік, өрмекші, құмырсқа, қоңыз)
Бұл жәндіктердің пайдасы қандай? (Бал алады, зиянды құрттардан тазартады. Көбелек гүлдерді тозаңдандырады, талшығынан жібек мата алынады. Қоңыз өсімдіктердің жапырағын зиянды құрттардан тазартып, емдейді. Құмырсқа еңбекқор, илеуіне қонған құстардың үстіндегі бүргелерін тазартады. Шегіртке зиянды көк шөптерді, егінді жеп құртып отырады. Шегірткелер топталып жүреді. Ара гүлдердің шырынынан бал жинайды. Қоңыздар топырақты қазып шіріген заттарды ыдыратып табиғат тазалығын сақтауға үлес қосады).
Жәндіктер туралы кім тақпақтар біледі?
Мұхаммед А:Балалар - ау, балалар!
Алаңқайға шығайық
Көктем тілін ұғайық
Құрт - құмырсқа, көбелек
Ұшып жүрген бөгелек
Алтынай:Инелік - ау, инелік
Қаша берме именіп
Түспей - ақ қой торыма
Қоншы келіп қолыма
Анықтап бір қарайын
Суретіңді салайын
Жұмбақтар шешу
1. Екі басы жұдырықтай
Ортасы қылдырықтай
/Құмырсқа/
2. Ызыңдап ән салып
Лас жерге қонады
/ Шыбын/
3. Тоқыған ауы - шыбынның жауы
/Өрмекші/
«Үш көбелек»ертегісі
«Үш көбелек»ертегісінің кейіпкерлерінің бейнесін саусақ арқылы сахналау
«Таным»орталығы
Балалар, қандай жәндіктерді білесіздер? (Көбелек, ара, инелік, шегіртке, құмырсқа
Балалар қалташаға көбелектерді орналастырады)
Бұл, жәндіктердің қанаттары нешеу? (Екеу )
Көздері, мұртшалары нешеу? (Екеу)
Балалар, мен сіздерге неше санын көрсетсем, сіздер алдарыңыздағы қалташаға сонша көбелектерді орналастырасыздар
Жәндіктерді санына қарай орналастыру.
Балалар, кім санамақ айтып береді? Санамақ айту
Санамақ
Жіңішке жалғыз таяқша
«1» саны – ол, айырықша
Міне, «2»саны тұр,
Қараңдаршы, неткен түр!
Мойнын алға иеді,
Құйрығы еріп жүреді.
Екіліктен кейін, қараңдар,
«3»саны шықты, жарандар
Үшінші орын - тұрағы,
Үш ілмекті қосып тұрады.
«Күн мен жаңбыр» ойыны
Шарты: балалар отырады, күн
дегенде балалар орындарынан тұрып жүгіреді, ойнайды. Жаңбыр дегенде балалар тәрбиешілердің
қолына ұстаған қолшатырдың астына тығылады
Жәндіктердің бейнесін құрастыру.
Балалар құрттың бейнесін құрастырып шығару.
«Өнер»орталығы
Тәрбиеші балаларға жәндіктер туралы түсініктер беру.
Балалар, мына жәндік қалай аталады? (Қанқызы)
Қанқызын мүсіндеу
Қанқызының пайдасы қандай? (Өсімдіктердің жапырағын зиянды жәндіктерден құртады).
Айым, осы қанқызын мүсіндейді.
Қызыл, қара, ақ ермексаздан қанқызын мүсіндейді. Тәрбиеші мүсіндеу жолын түсіндіреді.
Көктем мезгілінің бейнесін жапсыру. Ұжымдық жұмыс.
Теңіз тасынан ермексаздан көбелекті бейнелеу
«Ғылым»орталығы
Балалар, біздерге жәндіктердің пайдасы өте зор. Жәндіктердің адам денсаулығына тигізер маңызы өте жоғары.
Өрмекшінің өрмегі қаны тоқтамаған жараға ем. Араның балын жаңғаққа араластырып қан айналымын жақсарту үшін пайдаланылады. Жаңғақтың қоректік құны жоғары. Оның құрамында ақуыз, қанықпаған май қышқылы, темір бар. Ол адам денесіне өте қажетті пайдалы азықтық ретінде қарастырылады. Миды қуаттандырады, қан айналысын жақсартады, өтке байланған тасты ерітеді. Е дәрумені бар. Құмырсқадан амин қышқылын алады.
Көбелектің талшығынан жібек мата алады.
Балаларға балға жаңғақты араластырып тәжірибе түрінде көрсету.
«Көбелектер» әнін орындау.
Күтілетін нәтиже
Білуі керек:жәндіктер туралы білуі
Болуы керек:есте сақтау қабілеті
Қолынан келуі:мүсіндей, бейнелей, құрастыра білуі
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, МКҚК «Айгөлек»
балабақшасының тәрбиешісі Раушан Сисенбаева