Ring Magazine
- 25 мам. 2026 06:00
- 28
Жәнібекпен айқаспай, чемпиондық белбеуді Хамза Шираз жеңіп алды
Мысырдың Гиза қаласында өткен бокс кешінде британиялық Хамза Шираз пен германиялық Алем Бегич арасындағы жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Шираз қарсыласын нокаутқа жібергеннен кейін, Бегич кездесуді жалғастыра алмады.
Осылайша, Хамза Шираз екінші орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша бос тұрған әлем чемпионы атағын иеленді. Бұл – жеңіліп көрмеген британдық боксшының кәсіпқой рингтегі 23-ші жеңісі, оның 19-ы нокаутпен келді. Ал Алем Бегич карьерасындағы алғашқы жеңілісін көрді. Бұған дейін ол 29 рет жеңіп, бір рет тең түскен болатын.
Айта кетейік, бұған дейін Хамза Шираз қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуы мүмкін еді. Алайда, түрлі себептерге байланысты бұл кездесу өткізілмеді. Кейін Шираз екінші орта салмаққа ауысып, міне, чемпиондық белбеуді еншіледі.