Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жануарлар қысқа қалай дайындалады
Тақырыбы: «Жануарлар қысқа қалай дайындалады?»
Білім саласы: Таным
Бөлімі: Экология негіздері.
Тақырыбы: «Жануарлар қысқа қалай дайындалады?»
Мақсаты: Балалардың жабайы жануарлар туралы, олардың тіршілігі жайлы ұғымдарын кеңейту, ажырата білуге үйрету (аю, түлкі, тиін, кірпі). Жыл мезгілдеріне қарай жануарлардың тіршілік сипатының өзгеруі туралы білімді нақтылау.

I. Дәлелдеу - ояту:
Шаттық шеңбері:
Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Жер - Ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Балалар өлең шумақтарын айта отырып, қимылмен жасайды, көңілдері көтеріледі.

II. Ұйымдастыру бөлімі:
Жұмбақ:
1. Ағаштан ағашқа секірген,
Кішкентай ғана шапшаң аң.
2. Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
3. Тиіскенді түйреген,
Киімі бар инеден.
4. Сұр түсті,
Ақсиған көп тісті.
Жұмбақтардың шешуін табады.
Д/О: «Не артық?»
Үй жануарларының ішінен жабайы жануарды табу.
- Қалған жануарларды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Жабайы жануарлар.
- Неге жабайы дейміз?
Себебі, олар орманда мекен етеді.
- Осы аңдардың ішінде қайсысы қысқы ұйқыға кетеді?
- Аю
Д/О: «Қай аң қайда тұрады?»
Аңдардың мекенін табады.
- Осы жабайы жануарлар туралы кім тақпақ біледі?
Қыс түсісімен көп жануарлар өздерінің ініне тығылады. Қоян, түлкі, қасқыр олар қысқа қорек жинамайды, қысқы ұйқыға кетпейді. Себебі, өздеріне қорек таба алады. Қоян, қасқыр, түлкі, тиін қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн өседі.
Аю жаз бойы өзінің қорегін жинап, қысқа дайындалады екен.
Д/О: «Аңдардың қорегін табуға көмектес»
Әр аңның қорегін тауып, құрастырады.
Сергіту сәті:
Ал, балалар тұрайық,
Ормандағы аңдардың жүрісін салайық.
Қорқақ қоян, сұр қоян,
Ытқып - ытқып секірді.
Көкжал қасқыр ұлиды,
Ауыл маңын ториды.
У.... У... У....,
Қорбаң - қорбаң қорбаңбай,
Аю жүрер қорбаңдай.
Р... Р... Р....,
Түлкі жүрер сылаңдап,
Әдемі құйрығы бұлаңдап.
Сөздік ойын: «Жалғасын тап»
Ең айлакер аң.....(түлкі)
Аң патшасы.....(арыстан)
Мысыққа ұқсайтын аң....(жолбарыс)
Ең ұзын мойын.....(керік)
Ауыл маңын ториды....(қасқыр)
Үстінде тікенегі бар....(кірпі)

III. Рефлексивті - түзету:
Ғажайып сәт: қонаққа Қоян келеді.
Қоян көңілсіз, қасқырдан қашамын деп, жинаған сәбіздерін шашып алғанын айтады.
«Сәбіз жасау»
Қағаздан бүктеу арқылы сәбіз жасайды, қоянға тарту етеді.
Қ/О: «Сұр көжек жуынады»
Қоян балаларға алғысын білдіріп, сәбізден жасалған шырынын сыйға тарту етеді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама