Шешендік сөздің тектері мен түрлері
Қазақ тілі
Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздің тектері мен түрлері (слайдымен)
Сабақтың мақсаты: а) Шешендік сөздің мазмұндылығы, сөз дәлдігі, тіл тазалығы, тіл көрнекілігі жөнінде білім беру;
ә) Қазіргі шешендердің сөйлеу өнерін үйрету, бос сөз сөйлеуден аулақтату, тауып сөйлеуге төселдіру, тіл тазалығын сақтау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: саралап деңгейлеп оқыту, іздендіру, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар, кестелер, шешендік сөздер
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Қызығушылықты ояту.
Көп нүктенің орнына тиісті шешендік толғауды толықтыр
Жиырма бестен артық жас...?!
Ұйқыдан жаман... бар ма?!
Еріншектен жаман... бар ма?!
Ойлаңдаршы, ағалар,
Шын жарыңнан артық дос...?!
Шын жолдасың ондайда
Жауға сені... ма?!
Айта салған бір сырым,
Бірге жүрген достарға
(М. Мөңкеұлы)
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
1. Туған тіліміздің маңызы мен мәйегі неде?
2. Ол өзге тілге аударылады ма?
3. Туған тіліміздің тума сұлулығын танытатын шешендік сазын ата.
4. Көркемдегіш құралдарды ата.
5. Естіге айтқан сөз – шыңға тіккен ту,
Ессізге айтқан сөз – құмға сіңген су
Би деген – бұлақ
Қандай көркемдегіш құрал қолданған?
6. Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұңқар туады. (Майқы би)
Бүркіт бол, заманың түлкі болса. (Әйтеке би)
7. Асқар тау сенде бір мін бар,
Асуға жол бермейсің.
Тасқан су сенде бір мін бар,
Өтерге өткел бермейсің.
Уа, билер сендерде бір мін бар,
Басқаға сөз бермейсің. (Әйтеке би)
8. Шешендіктен не пайда,
Артында сөзі қалмаса?
Батырлықтан не пайда,
Халқына қайран қалмаса?
Хандықтан не пайда?
Қарашасын жалмаса.
9. Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Қызың жақсы болса,
Жайқалып өскен құрағың.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші – иманың
Екінші – жиғаның
Үшінші – ырықсыз тұрағы.
ІІІ. Жаңа сабақ. “Көкпар” ойыны арқылы миға шабуыл
1. Кеше сөздің екінші буынын алыңдар.
2. Пішен сөздің екінші буынын алыңдар.
3. Мүмкіндік деген сөздің жұрнағын алыңдар.
4. Сөзге сөзінің түбірін алыңдар.
5. Діңгек сөзінің түбірін алыңдар.
6. Қалған сөздерді сол күйінде оқы. Сонда бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.
Ой толғаныс.
Алдарыңа берілген мәтінді оқып, талдап шешендік сөздің түрлері мен тектерімен танысамыз.
1. Тура сөз темірді тесер
Жұмсақ сөз қылышты кесер. (Халақ даналығы)
2. Күрескер сөз – азулы, қарымды сөз,
Өткір, дана, уытты дарынды сөз.
Аристотель - Цицерон, Әл Фараби
Желтоқсанда теңселткен жалынды сөз. (Г. Жарылғапов)
ІV. Сабақты бекіту.
Ой түрткі. Жаттығулармен жұмыс.
І топ. 59 - жаттығу
ІІ топ. 60 - жаттығу
ІІІ топ. 61 - жаттығу
V. Сабақты қорыту.
Бет бұру
І топ. Екінші әңгіме. (142 - бет)
ІІ топ. Үшінші әңгіме. (142 - бет)
ІІІ топ. Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім (143 - бет)
Орфоэпиялық заңдылықтарға сүйенгенде ғана шешендік сөзіміздің сазы әуезді болып шығады. Ендеше орфоэпиялық заңдылыққа сүйене отырып, шешендік сөзден үзінді жазайық.
Уа, көсіле шабар өнерің бар,
Ту көтерер ерің бар.
Қол боларлық елің бар,
Атадан қалған жолың бар.
Құлдық ұрсаң дұшпанға,
Арылмайтын сорың бар.
Уа, гөсүлө шабар жерің бар,
Ту гөтөрөр еріңбар
Қол боларлығ елің бар,
Атадаң ғалған жолұл бар.
Құлдұғ ұрсаң дұшпаңға,
Арылмайтын сорұң бар.
VІ. Оқушыларды бағалау.
Шешендік талаптарды ескере отырып “ Игі тілек иірімдері” тақырыбында ой толғап көрелік.
1. Жаңа қоныстанып жатқандармен қалай жөн сұрасу керек? Оларға не деп айту керек?
2. Жол жүріп бара жатқан жолаушыға не деу керек және ол деп жауап беру керек?
3. Зат, бұйым сатып алғандарға не деу керек?
4. Соғым сойған үйге не деу керек?
5. Жаңа туған айды көргенде не деу керек?
6. Нәресте дүниеге келгенде қандай тілек айту керек?
7. Асарға барғанда не деу керек?
8. Жайсыз жайлар болғанда (өрт болғанда, мал жоғалып табылғанда, т. б.)
не деу керек?
Тест сұрақтары
1. Әл – Фарабидің сөз өнері туралы еңбегі:
А). “Риторика”
В). “Құтадғу білік”
С). “Қабуснама”
Д). “Диуани хикмет”
Е). “Тауарих хамса”
2. Сөз мәдениетінің шыңы:
А). Сөзшеңдік
В). Шешендік
С). Сөзқұмарлық
Д). Сөзшілдік
Е). Ойшылдық
3. Шешендіктанудың отаны:
А). Қазақстан
В). Ресей
С). Грекия
Д). Франция
Е). Германия
4. Шешендік өнер:
А). Сендіру құралы
В). Көндіру құралы
С). Ән айту құралы
Д). Сөйлем құрау құралы
Е). Бас айналдыру құралы
5. Риториканы сынаған ресейлік ғалым
А). А. Ф. Кони
В). М. В. Ломоносов
С). В. Г. Белинский
Д). П. С. Прохорщиков
Е). А. С. Пушкин
6. Ұлттық шешендік танудың іргетасын қалаушы
А). Аристотель
В). Асан қайғы
С). Ы. Алтынсарин
Д). Әл - Фараби
Е). Жиренше шешен
7. Қазақ шешендік өнері неше кезеңге бөлінеді.
А). Үш кезеңге
В). Бес сөзге
С). Төрт кезеңге
Д). Екі кезеңге
Е). Алты кезеңге
Үйге тапсырма:
2. “Данадан қалған асыл сөз” эссе.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.