- 05 нау. 2024 03:14
- 171
Жануарлар туралы жұмбақтар
Жануарлар туралы жұмбақтар
Отырдым мұнан барып оймауылға,
Ілінді екі аяғым байлаулыға.
Қолыма екі қайыс ұстап алып,
Жүргіздім қайда барсам айдауыма.
|Мінген ат|
Он екі түйе, он жылқы, тоғыз сиыр,
Бес ешкі, бір жарым қоян.
| Малдардың төлдейтін, аңдардың балалайтын айларының мөлшері |
Жамаулары болса да білінбейді,
Жансызға ондай нәрсе ілінбейді.
|Ала мал|
Жамауы бар тігінсіз,
Киімі қалың жамылар.
Жыртығы жоқ, еш мінсіз,
Ала – құла тоны бар.
|Ала мал|
Топырақ желді мініп, желді айдайды,
Болғанда түске жақын көлге айдайды.
Тамшыны жерден тамған керек қылып,
Топырақ өз - өзінен айқайлайды.
|Жер – жылқы, тамшы – қымыз|
Тау астында төрт бала,
Кезек – кезек ойнаған.
Төрт баланың қолында,
Төрт айды әкеп байлаған.
|Төрт бала – аттың төрт аяғы, төрт ай – төрт тұяғы|
Екі ошаққа бір көсеу.
|Сиырдың танауы мен тілі|
Қисық ағашқа қар жұқпас.
|Сиырдың мүйізі|
Ел жатса да енекем жатпайды.
|Сиырдың мүйізі|
Төсек астында төрт бауырсақ.
|Сиырдың емшегі|
Төрт туысқан бір шұңқырға құяды.
|Сиырдың емшегі|
Даусы азанда
Жақсылығы қазанда.
|Бұзаулы сиырдың мөңірегені|
Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,
Өзіне міндеттесе қызмет қылмасақ,
Бүріскен, жазақ емес біткен тұяқ.
(Есек)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)
Аласа ғана бойы бар,
Айналдырған киген тоны бар.
(Қой)
Төрт тағанды бойы бар,
Момындық дұрыс ойы бар.
Кербезденіп жүрмейді,
Айналдырған тоны бар.
(Қой)
Мүйізі бар екі елі
Тастан тасқа секіреді
(Арқа)
Мөлдіреген үсті басы
Бұғылардың тұқымдасы
(Елік)
Аласа ғана бойы бар,
Айналдырған киген тоны бар.
(Қой)
Ауылдан ерте тұрып кетер сыртқа,
Көп жанға жалғыз нәрсе болды тұтқа.
Сол жерден аз жұмысын бітіріп ал,
Қайтады қуанышпен бір уақытта.
|Жайылған қой, қойшы|
Епті қыз ашқан жұмбақ,
Шебер қыз шешкен жұмбақ.
| Қойды сойған кісі, ішек қарын аршыған кісі |
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
(Серке)
Асты пышақ, үсті істік,
Өзіне лайықтап киім пішкен,
Секіріп – секіріп түскен.
(Ешкі)
Биік таудың басында
Айтшы ол не расында?
(Тауешкі)
Тастан тасқа секіреді,
Қалқиып қос құлағы.
Ойын болып көкірегі,
Аула оның тұрағы.
(Лақ)
Төрт аяқ ортасында бүлігі бар,
Сөйлейтін өз алдында пиғылы бар.
Халінше сайманы ғой керек заты,
Көтерген екі дана құлағы бар.
Беретін жақынына жаны ашып,
Ашытқан бір аяқтай қымызы бар.
(Ешкі, төрт аяғы, екі құрық – мүйізі, қымыз сүті)
Отырдым мұнан барып оймауылға,
Ілінді екі аяғым байлаулыға.
Қолыма екі қайыс ұстап алып,
Жүргіздім қайда барсам айдауыма.
|Мінген ат|
Он екі түйе, он жылқы, тоғыз сиыр,
Бес ешкі, бір жарым қоян.
| Малдардың төлдейтін, аңдардың балалайтын айларының мөлшері |
Жамаулары болса да білінбейді,
Жансызға ондай нәрсе ілінбейді.
|Ала мал|
Жамауы бар тігінсіз,
Киімі қалың жамылар.
Жыртығы жоқ, еш мінсіз,
Ала – құла тоны бар.
|Ала мал|
Топырақ желді мініп, желді айдайды,
Болғанда түске жақын көлге айдайды.
Тамшыны жерден тамған керек қылып,
Топырақ өз - өзінен айқайлайды.
|Жер – жылқы, тамшы – қымыз|
Тау астында төрт бала,
Кезек – кезек ойнаған.
Төрт баланың қолында,
Төрт айды әкеп байлаған.
|Төрт бала – аттың төрт аяғы, төрт ай – төрт тұяғы|
Екі ошаққа бір көсеу.
|Сиырдың танауы мен тілі|
Қисық ағашқа қар жұқпас.
|Сиырдың мүйізі|
Ел жатса да енекем жатпайды.
|Сиырдың мүйізі|
Төсек астында төрт бауырсақ.
|Сиырдың емшегі|
Төрт туысқан бір шұңқырға құяды.
|Сиырдың емшегі|
Даусы азанда
Жақсылығы қазанда.
|Бұзаулы сиырдың мөңірегені|
Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,
Өзіне міндеттесе қызмет қылмасақ,
Бүріскен, жазақ емес біткен тұяқ.
(Есек)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)
Аласа ғана бойы бар,
Айналдырған киген тоны бар.
(Қой)
Төрт тағанды бойы бар,
Момындық дұрыс ойы бар.
Кербезденіп жүрмейді,
Айналдырған тоны бар.
(Қой)
Мүйізі бар екі елі
Тастан тасқа секіреді
(Арқа)
Мөлдіреген үсті басы
Бұғылардың тұқымдасы
(Елік)
Аласа ғана бойы бар,
Айналдырған киген тоны бар.
(Қой)
Ауылдан ерте тұрып кетер сыртқа,
Көп жанға жалғыз нәрсе болды тұтқа.
Сол жерден аз жұмысын бітіріп ал,
Қайтады қуанышпен бір уақытта.
|Жайылған қой, қойшы|
Епті қыз ашқан жұмбақ,
Шебер қыз шешкен жұмбақ.
| Қойды сойған кісі, ішек қарын аршыған кісі |
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
(Серке)
Асты пышақ, үсті істік,
Өзіне лайықтап киім пішкен,
Секіріп – секіріп түскен.
(Ешкі)
Биік таудың басында
Айтшы ол не расында?
(Тауешкі)
Тастан тасқа секіреді,
Қалқиып қос құлағы.
Ойын болып көкірегі,
Аула оның тұрағы.
(Лақ)
Төрт аяқ ортасында бүлігі бар,
Сөйлейтін өз алдында пиғылы бар.
Халінше сайманы ғой керек заты,
Көтерген екі дана құлағы бар.
Беретін жақынына жаны ашып,
Ашытқан бір аяқтай қымызы бар.
(Ешкі, төрт аяғы, екі құрық – мүйізі, қымыз сүті)