Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Спорт еліне саяхат
Тақырыбы: “Спорт еліне саяхат”
Мақсаты: Балалардың денесін шынықтыруға, денсаулығын нығайтуға, дұрыс өсіп қалыптасуға үйрету. Қызықты көңілді ойындарды пайдалану арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Құрал – жабдықтар: құм салынған қалташа, құрсау, жалауша, гимнастикалық орындық, доға.
(Балалар спорттың киімдерімен, спорт залға
әуенмен кіреді)
Нұсқаушы: Сәлеметсіздер ме
балалар! Мен сендерді көргендеріме өте қуаныштымын. Бүгінгі саяхатымыз қызықты, әрі көңілді өтеді деп ойлаймын. Сіздер оған келісесіздер ме?

Балалар: Алақанды соғайық біз 1, 2, 3
Аяғымыз тоқылдасын 1, 2, 3
Денемізді тік ұстап
Шынығуға дайынбыз!
Нұсқаушы: Өзен, көл мен тау тастар артында
бір ел бар. Оның аты Спорт. Бүгін біз таңғажайып елге саяхатқа шығамыз. Сіздер батылды, шыдамды болуларың қажет. Келісесіңдер ме?( Балалардың жауабы.)
Жалқаубек (Шаттық): (Көңілсіз әуенмен ортаға шығады )
Ох! Ай! Ой - ой - ой! Не болды? Барлық жерім
ауырады. Маған не болды?
Мықты денсаулығымды кім қайтарады екен?!
Есіме түсті мен керемет балабақшаға бара жатырмын ғой. Оо міне балалардың өзі де.
Сәлеметсіздер ме балалар!

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Жалқаубек! Не болды? неге көңілсізсің?
Жалқаубек: Білмеймін барлық жерім ауырады, не істерімді де білмей отырмын. Денсаулығымды қалай сақтап қалуыма болады екен?
Нұсқаушы: Мммм мен білемін саған кім көмектесе алатынын. Спорт ханшайымы саған денсаулығыңды сақтауға көмектеседі. Біз сол елге саяхатқа барғалы жатырмыз, келіссең жүр бізбен бірге.
(Жалқаубек келіседі)
Жүру түрлері
Жай жүріс, аяқ ұшымен жүру,
өкшемен, тізені жоғары көтеріп,
массаж төсеніштерімен жүру. Судан аттап, тау шығына шығып, тастарды басып жүру
Ирелеңдеп “жыланша жүгіру”
Тыныс алу жаттығуы
“Шарды үрлейік”

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
№12 бөбекжай - бақшасы дене тәрбиесі нұсқаушысы:
Жумагулова Маншук Амангельдиевна

Спорт еліне саяхат. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама