Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жануарлар туралы жұмбақтар
Жануарлар туралы жұмбақтар
Жүретұғын әрдайым
Жануар мұндай қайда бар?
Ішкен суын әрдайым
Ақ сүт етіп қайтарар.
(Сиыр)
Ұзын құйрық есік ашты,
Қара домалақ тура қашты.
(Түйе, құмалақ)
Орманнан, жалпақ даладан
Бал іздеп бір аң жортады.
Кіп - кішкентай арадан
Үп - үлкен боп қорқады.
(Аю)
Өзі үлкен жануар,
Үстінде екі тауы бар.
(Түйе)
Тікенді шөп тістеген,
Ұзақ күн су ішпеген
Таудай биік жоталы
Кім біледі... (ботаны)
Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
(Қоян)
Құйрығы ұзын, тұмсығы қысқа
Бұл өзі аң ба, құс па?
(Түлкі)
Мойыны тұтасқан,
Ауызы апан.
Жаны жуан,
Бұты талтақ.
(Бегемот)
Басы жалпақ,
Бұты талтақ.
(Бақа)
Түзде, таста,
Жөні басқа.
Сүйір тұмсық
Әрі қысқа келте сирақ,
Бес саусақ, басын жерден алмайды.
Терең ұя таңдайды.
(Борсық)
Ойлан, балам, ол жануар,
Жеті қазынаның бірі болар.
(Ит)
Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады.
(Мысық)
Үй ішін аралап,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады.
(Тышқан)
Мен жер асты тұрғынымын,
Жер қазушы, құрылысшы.
Қане, достар, айтыңдаршы
Бұл қандай жұмысшы?
(Көртышқан)
Қыс бойы жатады
Тәтті ұйқыға батады.
(Аю)
Жапырақ жоқ бұтасында,
Қос емен өсіп тұр бұтасында.
(Бұғы)
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
(Ешкі)
Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)
Айбарлы сұсы бар,
Қанжардай сұсы бар.
Тұла бойында
Тасыған күші бар,
Күжірейген жалды,
Білсең айт бұл аңды?
(Арыстан)
Қаймықпайды күшті аңнан
Қорқады тек тышқаннан.
(Піл)
Тұрқы, түрі
Жылқы тектес жалы бар.
Шөп жеп түрлі
Түзде өскен жануар.
(Құлын)
Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол қыры.
Оны сен де танып ал,
Серейіп кеп тұрады.
(Керік)
Аузы бейне, шалғы орақ,
Шөп емес, бірақ малды орады.
(Қасқыр)
Өзіңе болған қорған – орман,
Ішінде бар, бір аң қорбаң - қорбаң.
(Аю)
Өзі қу, әрі айлакер,
Жүрген жері айқай да шу.
(Түлкі)
Көлеңкесінен қорқып безектейді,
Ал оның баласын «көжек» дейді.
(Қоян)
Бұтадан бұтаға секірген
Кішкентай ғана шапшаң аң.
(Тиін)

Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырған киген тоны бар.
(Қозы)
Ағаштан – ағашқа секіреді,
Жеміс жеп жетіледі.
(Маймыл)
Қасқырды қабады,
Қойды бағады.
(Ит)
Мүйізінен таралған,
Жанға шипа дәрі алған.
(Марал)
Есек емес,
Жылқы емес.
Екеуінің ұқсастығы
Береді тұрқы елес.
(Құлан)
Жақпар тастың өркешіне,
Секіреді құламай.
Қия құздың өр төсені,
Орғып шығар ол оңай.
(Арқар)
Жез бейнелі өзі,
Кең дала еркесі,
Мөп - мөлдір көзі.
(Киік)
Түлкі ұқсас тұрқы,
Бір тоймайтын құлқы.
Аңдитыны тастан,
Құс пен тышқан.
(Қабылан)
Жер қопарған тісімен,
Сескенесің түсінен.
(Қабан)
Дегендей ешкім тимесін,
Алыпты қадап инесін.
(Кірпі)
Әртүрлі жұмбақтар қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама