- 16 қыр. 2021 00:00
- 241
Жапон халқының даналығы
1. Есі ауысқандар мен ақымақтарға жол бер.
2. Әйел қаласа — жартасты жарып өтеді.
3. Кеткісі келгенге жармаспа, есік қаққанды қума.
4. Тез деген — баяу қимылдау, бірақ үзіліссіз.
5. Жаманның досы болғанша, жақсының жауы бол.
6. Қарапайым адамдар болмаса, ұлылар да болмас еді.
7. Биікке шыққысы келіп өзеуреген жан түбінде өзіне баспалдақ табады.
8. Ері мен әйелі қол мен көздей болсын: қол ауырғанда көз жылайды, көз жылағанда қол жасын сүртеді.
9. Күн жақсыларды білмейді. Күн жамандарды да танымайды. Күн біреуді жылытайын демейді. Өзін тапқан адам күндей жарқырайды.
10. Теңіздің үлкендігі кішкентай өзендерді де бауырына басатындығынан.
11. Алыс жол да жақыннан басталады.
12. Ішкен адам шараптың зиянын білмейді; ішпеген оның пайдасын білмейді.
13. Алдаспан өміріңде бір рет қана кәдеге жарар болса да оны өмір-бақи арқалап жүруге тиіссің.
14. Әдемі гүл жақсы жеміс бермейді.
15. Қайғыны жыртық көйлегің сияқты үйде қалдырып кет.
16. Махаббат бар жерде обаның дақтары да беттің шұңқырындай әдемі көрінеді.
17. Ешкімде төсекте жатып сүрінбейді.
18. Бір ауыз жылы сөз үш ай қыста жауратпауы мүмкін.
19. Егер түйткілдің шешімі бар болса, оны уайымдаудың қажеті жоқ. Шешімі болмаса, оны уайымдау бекер.
20. Бұтақтың суретін салғанда желдің тынысын сезе біл.
21. Адамға күдік келтірмес бұрын жеті рет тексер.
22. Қолыңнан келгеннің бәрін істе, қалғанын тағдырыңа қалдыр.
23. Тым әділетшіл болу ақымақтықпен шектеседі.
24. Күлкісі жарқын үйге бақ қонады.
25. Қарсыласынан жарты сағатқа ұзақтау төзген адам жеңеді.
26. Кейде бір парақ батып кетіп, тас жүзіп жүреді.
27. Күлімсіреп тұрған жүзге жебе оқтамайды.
28. Суық шай мен суық күрішке шыдауға болар, бірақ салқын көзқарас пен ауыр сөзге шыдау мүмкін емес.
29. Он жаста — данышпан, жиырмасында — кемеңгер, отыздан кейін — қарапайым адам.
30. Ойлансаң — шешім қабылда, шешім қабылдаған соң — ойланба.
31. Сұрау — бір сәттік ұялу, білмеу — өмірлік ұят, сүйекке таңба.
32. Мінсіз құмыраны ешқашан нашар шебер жасамайды.
33. Тізем бүгілді деп қорықпа, тіктелуің оңай болады.
34. Терең өзендер үнсіз ағады.
35. Егер жолға өз еркіңмен шықсаң, онда мың шақырымда біреудей-ақ болады.
Аударған Шынар Әбілдә