- 27 сәу. 2023 00:00
- 336
Жақсы көретініңізді айтыңыз
Атақты психолог бір конференциясында “Кімді жақсы көрсеңіз, оған барып жақсы көргеніңізді ашық айтыңыз”, — дегенді айтады. Бір апта өткенде психологқа бір жас жігіт телефон соғады:
— Өткен аптада айтқан сөзіңіз мені қатты ойландырды. Конференциядан шығып, үйге дейін жақсы көретін ешкімім жоқ екені туралы ойлап бардым. Мен осыдан бес жыл бұрын әкеммен қатты ұрысып үйден кеткен біреумін. Сол кезден бері бір-бірімізге тіл қатпайтын болдық. Тіпті отбасы бірге жиналған кездердің өзінде, онымен кездеспеуге тырысатынмын. Үйге жеткенімде “жақсы көретінімді” әкеме айтуға ниеттендім. Осындай шешімге келудің өзі үстімнен ауыр жүк түсіргендей болды. Үйден шығып, ата-анамның үйі жағына бардым. Олардың есігін қағып, есікке әкемнің шығуын тіледім. Өйткені бірінші анамды көріп қалсам, жақсы көргенімді оған айтып әкеме жолығуға тағы да батылым бармай кететінімді сездім. Есікті әкем ашты. Табалдырықты аттамай есіктің алдынан: — “Әке, сені жақсы көретінімді айту үшін келдім”, — дедім. Әкем бірден мүлдем басқа адам болып кеткендей болды: жүзі жұмсарып, көзі жасаурады! Мені құшақтай салып, басымнан сипалай берді де:
— “Мен де сені жақсы көремін, ұлым менің. Осыны ертерек айтпағаныма кешір”, — деді.
Екі күннен кейін әкем инфаркт болып, ауруханаға түсті. Әкеме жақсы көргенімді айтпай тағы жүре бергенімде … оған жақсы көргенімді айтып үлгермегенімде … Олай ойлаудың өзі қорқынышты. Айтайын дегенім —жақсы көргенімізді дер кезінде айту керектігін жақсы ұққандаймын. Рақмет сізге!
Оқуға кеңес береміз:
Джон Рокфеллер берген чек