- 28 қыр. 2015 00:00
- 256
Жарқын жүзді ұстазым
Келгенімде алдыңа
Қызыл-жасыл гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа,
"Шәкіртім" деп қуанып.
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.
Мейір толы көзіңде,
Кім бар сенен шыдамды.
Шалыс басқан кезімде,
Кешіресің кінәмді.