Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
«Жас көшбасшы» 3 - 4 сыныптарға арналған танымдық сайысы
«Жас көшбасшы» 3 - 4 сыныптарға арналған танымдық сайысы
Жүргізуші:
- Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар!
Жүргізуші:
- «Өз елін, тілін білмеген өзге елде би болмас» деген ұранмен мерекемізді ашамыз. Мерекені ашу салтанатын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сейсеке Ахынға беріледі.
Жүргізуші:
- Келесі кезекте ортамызға бастауыш сынып оқушыларын шақырамыз.
/Әдеби монтаж: Отан, тіл, тәуелсіздік тақырыбында қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі өлеңдер оқылады./

Жүргізуші:
Ана тілім – желбіреген туымсың,
Ана тілім – шуақ төккен туымсың,
Тілім менің – бар байлығым, алтыным,
Ана тілім – жас желек нуымсың,
Ана тілдің арқасы ғой бәрі де,
Тілсіз мүлдем сөйлей алмас жас – кәрі де,
Ана тілді құрмет тұтып әрқашан
Тілімізді дамытайық әлі де. – дей келе, бүгінгі «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру», «ҚР тәуелсіздігінің 26 жылдығына» тақырыбына арналған 3 - 4 сыныптар арасында өткелі отырған «Жас көшбасшы» атты зияткерлік ойынымызға қош келдіңіздер! Ойынымызды бастамас бұрын, еліміздің тарихына қысқаша тоқтала кетейік.

Жүргізуші:
- Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің негізгі факторы. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол – халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан - ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Ол енді толық мағынасында республикада білім, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр. Қазіргі таңда қазақ тілі – Қазақстанның мемлекеттік тілі.

Жүргізуші:
- Бүгінге дейін ата – бабамыздың арманы, тер төккен еңбегінің нәтижесі болған – Тәуелсіздік біздің – бағымыз. Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл – ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің өсіп - өніп, шыңға жетіп өркендеуі – баршамыздың жетістігіміз.

Слайд - 1
Жүргізуші:
1. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
2. Алайда қазақ даласы осы күнге дейін басынан талай тарихты өткерді.
3. Аңсаған арманға жету үшін біз қиын қыстау заманды бастан өткердік.
4. Қазақ халқы өз жерін, елін жоңғар шапқыншылығынан қорғады.
5. 1941 - 1945 жылдары фашистік Германия шабуылына төтеп берді, яғни Ұлы Отан соғысы болған жылдар.
6. Семей полигонындағы зұлмат жарылыстарды да бастан кешті.
7. Бірақ, бұл жылдар қайта келмес тарихта қалды.
8. 1992 жылы маусымның 4 - нде ҚР мемлекеттік мәртебелі рәміздері: туы, әнұраны, елтаңбасы қабылданды. Қазақстанның өз Ата заңы бар. ҚР тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев сайланды.
9. Әнұран орындалады.

Жүргізуші:
- Бір көрген - біліс, екі көрген – таныс демекші, өз білімдерін сарапқа салар сайыскерлерімізді қошеметпен ортамызға шақырайық. Слайд 2 /қатысушыларымыз туралы қысқаша мәлімет көрсету/
3 «А» сынып оқушысы
3 «Ә» сынып оқушысы
4 «А» сынып оқушысы
4 «Ә» сынып оқушысы
Жүргізуші:
- Сайыс болғандықтан жеңіс пен жеңіліс аралас келеді. Сондықтан, құрметті сайыскерлер өз білімдеріңді дәл әрі көркем тілмен жеткізе білулеріңе тілектестік білдіреміз. Сонымен, ойынымыздың сарапшы мамандарымен таныстырып өтейін: Слайд 3
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
3. Бастауыш пән бірлестігінің жетекшісі

Алматы облысы, Балқаш ауданы
«Бірлік орта мектебі» мемлекеттік
коммуналдық мекемесінің педагог - ұйымдастырушысы
Мамырова Карлыга Калкамановна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама