- 24 қаң. 2023 00:00
- 346
Жасөспірімдер арасындағы буллинг
“Буллинг” бұл қазіргі таңдағы өте өзекті мәселелердің бірі. Қазақстанда әрбір үшінші жасөспірім буллингтің құрбанына айналады. Ең қорқыныштысы, мұның арты өліммен аяқталуы әбден мүмкін. Буллинг физикалық күш көрсетуден ғана тұрмайды. Көбінесе психологиялық қысым көрсетеді: жаман сөздер айту, қорлау, келемеждеу, өсек пен өтірік сөздер тарату және шеттетуден тұрады. Бала жанындағы құрдастарынан алшақтап, өзін жалғыз сезініп суицидке баруы мүмкін.
Қазақстанда балалардың 14-тен 65%-іне дейін мектепте буллинг көреді. Сарапшылар мұндай жағдайлар көбіне балалар суицидіне себеп болатынын айтып отыр.
Жасөспірім буллингке ұшарағанын қалай байқауға болады?
Буллингке ұшыраған балалар көбіне бұл жайлы ата-аналарына айтуға қорқады. Мектепке барғысы келмей, жанындағы адамдардан оқшаулана бастайды. Тәбеті болмай, көңіл-күйі жиі түседі және шаршаңқы келеді.
Жасөспірім буллингке ұшырамас үшін не істеу қажет?
Ең алдымен ата-ана баласымен ашық сөйлесу керек. Баласына психологиялық және эмоцианалды қолдау беру керек. Жанындағы достары жайлы, оның өмірінде не болып жатқаны жайлы, мектептегі жағдайларды сұрап тұру қажет.
Буллингтің алдын алу үшін не істеу керек?
Егер бала мектепте сыныптастарынан қорлық көрсе, ең алдымен сыныптастарының ата-аналарымен сөйлесу керек. Егер нәтиже болмаса, онда сынып жетекшісімен, мектеп директоры мен психологты араластыру қажет.
Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ. Егер буллингке ұшарасаң, міндетті түрде ата-анаңа хабарла.
Жолдасбекова Асылзат