Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Интернеттің қазіргі заманға зияны қандай?

Интернет – қазіргі қоғамның бір бөлігі. Өйткені, интернетсіз біз өмір сүре алмаймыз. Интернет жалпылай айтқанда әдемді бір-бірімен байланыстырып ұштастыруда. Кез келген ақпаратты біліп, оны бір-бірімізбен бөлісе аламыз. Әлемде не болып жатқанында осы интернеттен көріп білудеміз. Алысты жақындатып, әлемді бір-бірімен байланыстыру мүмкіндігі болып тұр. Ол – тек байланыс көзі ғана емес, сонымен қатар жедел ақпарат ағыны, дереккөздер қоры. Бүгінгі зымырандай зулаған қарқынды даму кезеңінде пайдасы мол екенін мойындауға тура келеді

Біздің күнделікті өмірімізде интернетті қажет етеді. Бір ақпаратпен бөлісу үшін немесе ол ақпаратпен біреуге бөлісу үшін, өзіңнің жеке басыңа қажет, жұмыс барысында да қажет, тіпті үйдегі кішкентай бала жылағанда кезде интернет бізді құтқарады. Осы интернеттің зиянды жағы да бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Кез келген дүниенің пайдасы мен зияны, мықты тұсы мен әлсіз жақтары болады. Өйткені қазір кішкентай балаға дейін интернетке тәуелді. Қазіргі қоғамның ең ауқымды мәселе осы интернет. Шыныменде, адамдар қазір тәуелді. Айналасындағы болып жатқан жағдайға, мәселеге ешқандай назар аудармайды. Соның кесірінен адамдар арасындағы күнделікті байланыспен қарым-қатынас бұзылып барады. Адамдар бір-бірімен сөйлесуді, әңгімелесуді, сырын бөлісуді ұмытып бара жатқан сиқылды. Жылы шырай танытып, сөйлесуден, табиғи қатынастан қалып барамыз. Интернеттің бізге адамдарға бір пайдасы тигенімен зияны да қатар тиіп жатыр. Біздің біріншіден біздің денсаулығымыз. Екішіден ой-өрісіміз әлсіреуде. Қазір ешкім тереңінен ойланбайды. Барлығын интернеттен қарап біле салғанды жақсы көреді. Жастар ғана емес тіпті үйдегі үлкендерде осы интернеттен бас көтермейді. Бұл қоғамды өте үлкен өзекті мәселе.

Әлеуметтік желіге тәуелді болып қалмай, керегімізге ғана пайдаланайық. Дамыған заманның білімді адамы саналы түрде өзін бақылай білсе, бәрі де  өз орнымен болады. Интернеттің пайдасы бар екенін растаймын, бірақ зиян шекпеу шараларын ойластыруға болады деп ойлаймын.

Тайтолеу Камила. Балқаш қаласы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама