- 23 қаң. 2019 00:00
- 279
Жастардың салауатты өмір салты
Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру — қазіргі уақыттағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Адамның өз денсаулығына көзқарасын өзгертуі, ең алдымен, тәрбиелік мәселе. Дұрыс тамақтану жас кезінен, отбасынан басталады.
«Денсаулық — зор байлық, адам бақытының бастауы» — дейді халқымыз. Денсаулық ұлан асыр байлық екені рас, бірақ оған ие болу үшін күш жұмсалуы тиіс. Денсаулық ол адамға бір рет берілетін сый деуге болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіріп, ауырмайтын жол іздеу керек.
Қазіргі кезде Қазақстанның жастарының денсаулығы төмен деңгейде. Оған мысал ретінде әскерге қабылдау кезінде өтетін тексерісте кемінде 50% жастар денсаулықтарына байланысты әскери борышын атқаруға жарамсыз. Оған себеп ауру шақыратын факторлардың өсуі, яғни құнарлы тамақтанбау, темекі, ішімдік, есірткі зияндығы, қозғалыстың аз болуы.
Қимыл белсенділігі — бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор.
Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс. Сонымен қатар, организмді шынықтыру, жұқпалы аурулардың алдын алу, зиянды әдеттерден алшақ болу, күйзеліске көп салынбау сияқтыларды сақтай отырып денсаулықты сақтауға болады.
Музафарова Асел Жанабаевна