Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жасушалар. Ұлпалар. Мүшелер. Мүшелер жүйесі
Сыныбы: 6
Тақырыбы: Жасушалар. Ұлпалар. Мүшелер. Мүшелер жүйесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – тірі ағзалар, оларға тән белгілер, көптүрлілігі, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, биология ғылымы, оның ботаника, зоология сияқты ірі салалары, еліміздің өсімдіктері мен жануарлары, оларды зерттеген ғалымдарымыз жайында қысқаша шолумен түсінік беру;
Тәрбиелік – табиғатты қорғаудың қажеттілігін ұғынып, туған жеріне, оның табиғатына деген сүйіспеншілігіне, оны аялап сақтауға деген ынтасына жол ашу;
Дамытушылық – пәнге деген қызығушылығымен ұштастыру.
Құрал - жабдықтар: электронды көрсетілімдер
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушы назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Біржасушалылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

III. Үй тапсырмасын бекіту
Тест сұрақтары:
1. Сулы ортада мекен ететін жануарлар?
а) балықтар
ә) құстар
б) аңдар
2. Қазіргі кезде қарапайымдылардың қанша түрі
белгілі?
а) 50 мың
ә) 70 мың
б) 100 мың
3. Адам мен жануар ішегінде тіршілік етіп, ішектің сілемейлі қабықшасын зақымдайтын қарапайымдылардың бірі?
а) дизентерия амебасы
ә) кірпікшелі кебісше
б) эвглена
4. Адамды тері ауруына ұшырататын талшықтылар тобының бір өкілі?
а) дизентерия амебасы
ә) эвглена
б) лейшмания
5. Безгек ауруын қоздыратын паразитті кім ашты?
а) Левенгук
ә) Т. Шванн
б) А. Лаверан

ІІІ. Жаңа сабақ
Әрбір жасушада сыртқы қабықша - жарғақшасы болатыны мәлім. Ол цитоплазмадан тұрады және жасушаға келіп түсетін, одан сыртқа шығарылатын заттарды үнемі реттеп, тіршілік процесінде үлкен қызмет атқарады. Ядроның да төңірегіндегі цитоплазмадан бөліп, әрі онымен зат алмасуын қамтамасыз ететін қабығы болады. Ядроның іші ядро сөліне (кариоплазмаға) толы. Цитоплазмада пішіні жіп, дән немесе таяқша сияқты әр түрлі болатын митохондриялар болады. Цитоплазмаға сырттан келген күрделі органикалық заттарды жай заттарға ыдыратып, организмнің тіршілік процестеріне жұмсалатын қуатты өндіретін - осы митохондриялар болып саналады. Өзіне тән мөлшері, пішіні бар, дененің белгілі бір бөлігінде үйлесімді қызмет атқаратын жасушалар тобын ұлпа дейді. Жануар организміндегі ұлпаларды негізінен 4 топқа бөлуге болады: эпителий, дәнекер, бұлшықет және жүйке ұлпалары.
Эпителий ұлпалары дененің сыртқы жамылғысын түзіп, оны тұтас жауып тұрады және ішкі мүшелер
қуыстарын астарлайды. Сөйтіп өзінен төмен
жатқан жасушаларды тікелей зақымдаудан, химиялық зиянды заттардың әсерінен,
бактериялардың өнуінен, кебуден қорғайды.
Асқорыту мүшелерін астарлайтын эпителий қоректік заттар ерітіндісін сіңіріп, өткізеді.
Дәнекер ұлпалары сүйекті, шеміршекті, майды, сіңірді
қан, ұлпа сұйықтығын түзеді. Талшықты дәнекер ұлпалары организмнің барлық мүшелерінде кездеседі.
Сүйек ұлпасы тірек қызметін атқарады. Ал шеміршек ұлпалары буынаралық байланыстарға
қатысып, қаңқа сүйектеріне беріктік қасиет береді.
Қан мен лимфа ұлпалары - сұйық. Олардың ішінде жасушалар еркін жүреді және организмге оттегін, басқа да заттарды тасымалдайды.
Бұлшықет ұлпаларының үш түрлі тобы бар. Олар: көлденең жолақты, бірыңғай салалы және жүрек бұлшықеттері. Бұл ұлпалар жиырылып, босаңсу арқылы әр түрлі мүшелерді қимыл - қозғалысқа келтіреді. Сол арқылы бүкіл дененің қимыл - қозғалысын
қамтамасыз етеді.
Жүйке ұлпасы - нейрон деп аталатын жасушалардан тұрады. Әр нейронның денесі және ұзын, қысқа
өсінділері болады. Нейронның ұзын өсіндісі - аксон, ал қысқа өсінділері дендрит деп аталады. Нейрон денесінен қозу аксон арқылы әр түрлі мүшелерге өтеді. Дендрит арқылы қозу нейронның денесіне қарай өтеді. Аксонның көрші жатқан нейрон дендридінің қабықшасымен байланысып, қозу өтетін жерін тоғысу (синапс) деп аталады.

Көпжасушалыларда жасушалар құрылымдық және қызметтік жағынан топтасып, мүшелер мен мүшелер жүйесін құрады. Мысалы: Жүрек бұлшықет, талшықты дәнекер және жүйке ұлпаларынан, әрбір ұлпа миллиондаған жасушадан тұрады. Егер жүректегі бұлшықет ұлпалары зақымдалса қанайналымы жүйесінің жұмысы бұзылады немесе тоқтайды. Көпжасушалыларда мынадай мүшелер жүйелері қалыптасқан: асқорыту, тынысалу,
қанайналым, тірек - қимыл, зәр шығару жүйелері және т. б

V. Бекіту
Сәйкестендіру кестесі
Құрылысы бірдей және талшықтар болғандықтан, эвглена мен вольвокс қай топқа біріктіріледі (циста)
Қарапайымдылардың қолайсыз жағдайлардан қорғайтын қабық (Талшықты қарапайымдылар)
Өзіне тән мөлшері, пішіні бар, дененің белгілі бір бөлігінде
үйлесімді қызмет атқаратын жасушалар тобы (ұлпа)
Жүйке ұлпасы (Дәнекер ұлпа)
Сүйек, шеміршек қай ұлпаға жатады (көбеюге)
Ядро неге қатысады (нейрон)

VI. Үйге тапсырма беру
Жасушалар, ұлпалар, мүшелер, мүшелер жүйесі
VII. Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама