Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Қоршаған ортаны қорғау
Сабақтың мақсаты: Қоршаған ортаны аялауға үйрету.
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушыларға экологиялық білім беру
2. Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
3. Қоршаған ортаның табиғатына немқұрайды қарамауға баулып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту.
Сабақтың әдісі: сөздік, практикалық.
Сабақтың формасы: жеке, топпен, сыныппен.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, экология.

Ұйымдастыру:
1. Оқушыларды түгендеп, сабаққа бейімдеу.
2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
Сөз басы: Ей, Қазақстан ұланы,
Болғайсың дала қыраны.
Жер - суын қорғау бабаңның
Емес пе еді басты ұраны?!
Қоршаған ортаның суреті

Табиғат туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
Мәтінмен жұмыс:
а) мұғалімнің мәтінді оқуы, оқушылардың түсініксіз сөздерді сызып отырулары.
Қоршаған ортаны қорғау - қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі. Өйткені, бүгінде адамның қоршаған ортамен қарым - қатынасы күрделенді. Адам санасының өсуі, өнеркәсіптің өркендеуі, ғарышты игеру қоршаған ортадағы тепе - теңдіктің бұзылуына әкеп соғуда.
Көптеген аймақтар экологиялық апатты аймақтарға айналды. Жер шарындағы халықтың 40 - 45 пайызы экологиясы нашар аймақта тұрып жатыр.
Жыл сайын атмосфераға 20 млрд. тонна көмір қышқыл газы тарайды. Соңғы он жылда теңіз жануарларының мың түрі, өсімдіктердің 24 мың түрі, жабайы жануарлардың 106 түрі жойылып кеткен.
Иә, табиғат - адамның күнкөріс көзі. Бірақ оны есепсіз шашып - төгіп пайдалануға болмайды. Жер шарының қай жерінде болмасын адамның өмірі, қызметі, өзінің және ұрпағының бүгіні мен ертеңі басатын жерге, демалатын ауаға, ішетін суға тікелей байланысты. Демек, адам баласы болашақты ойласа барды күтіп, аялап сақтаумен қоса қалпына келтіру, көркейтуге мән беру керек.
Сөздік жұмысы
өткір мәселе - острая проблема
тепе - теңдіктің бұзылуы - разрушение ровновесия
санасының өсуі - рост сознаний
көмір қышқыл газы - углекислый газ
игеру - освоить
күнкөріс көзі - источник жизни
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
1. Адам санасының өсуі, өнеркәсіптің өркендеуі, ғарышты игеру неге әкеп соғуда?
2. Жер шарындағы халықтың неше пайызы экологиясы нашар жерлерде тұрып жатыр?
3. Жыл сайын атмосфераға неше тонна көмір қышқыл газы тарайды?
4. Соңғы он жылда нелер жойылып кетті?
5. Адам табиғаттан бөлек өмір сүре ала ма?
6. Ендеше қандай жұмыстар жүргізу керек?
Тапсырмалар:
1. Мәтіннен тәуелдік жалғауы бар зат есімдерді табу.(орындарында)
Қарым - қатынасы, санасының, пайызы, экологиясы, газы, жануарларының, жер шарының, өмірі, қызметі, ұрпағының, баласы.
2. Екі бағанда берілген сөздерден сөз тіркестерін, одан сөйлемдер құрастыру.(ауызша)
Апатты орта
Қоршаған сақтау
Табиғатты ауа
Таза денсаулығы
Адамның аймақ
3. Карточкалармен жұмыс (4 оқушы)
Берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру.
Қоршаған, біз, жауаптымыз, үшін, орта.
Өздері, мәселелерге, адамдар, экологиялық, кінәлі.
Болу, таза, қоршаған, керек, орта, дені, адамның, сау, үшін.
Дүниежүзілік, қоршаған, қорғаудың, ортаны, күні, 5 маусым.
5. Сурет бойынша әңгіме

Қалғандары Венн диаграммасы бойынша таза ауа мен лас ауа жайында белгілеу.
6. Сөйлем мүшелеріне талдау.
Табиғатпен ортақ тіл табылған жағдайда ғана адамзат өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алады. (Ш. Айтматов)
Сөз соңы:
Ей, адамдар!
Күн мен гүлден жаралған.
От сезім мен мейірім содан тараған
Тіршілік иесі Жер - Анаға қараңдар!
Зор қайғыдан күрсінгенде
Аһ ұрады дүние
Жаратылыс заңдылығы бұзылса,
Сонда болар кім ие?
Бағалау.
Үйге тапсырма: «Адам - табиғат перзенті»деген тақырыпта эссе жазу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама