Жаз мезгілі - демалысқа қолайлы кез.
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жаз мезгілі - демалысқа қолайлы кез.
Сабақтың мақсаты: Жаз мезгілі тақырыбына байланысты оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.
Білімділік - оқушылардың оқу дағдысын (дұрыс, шапшаң, мәнерлеп оқу) қалыптастыру және мәтінмен таныстыру; сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылық - оқушылардың қисынды ойлауын, сөйлеу қабілетін, тіл ұстартуын жетілдіру, оларды сауатты жазуға төселдіру.
Тәрбиелік - туған жерге, табиғатына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін тәрбиелеу, өз ойларын. өз пікірлерін дәлелдеу білуге үйрету.
Маңыздылығы: тақырып арқылы оқушының ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Өзектілігі: қазақ тілінде өз ойын, өз пікірін айта білу.
Типі: білімі мен әрекет тәсілдерін тексеру, бағалау, түзету сабағы.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, аударма, сыни тұрғыдан ойлау мен жазу, ойқозғау, ассоциация жазу,"миға шабуыл", мәтінмен жұмыс, іздендіру, бекіту.
Көрнекілігі: сурет"Жаз", қима қағаздар, сызба, оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Бүгін кім кезекші? Сабақта кім жоқ?
- Балалар, көңіл - күйлерің қандай?
- Сабаққа дайынсыңдар ма?
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
- Тексереміз.
ІІІ. Сұрақ - жауап жұмысы. (тіл дамыту)
Жыл мезгілдерін атап беріңдерші
Жаз айларын атап беріңдерші.
Жазда ауа райы қандай болады?
Сен жазғы демалысыңды қалай өткіздің?
Жазғы демалысыңды қайда, кіммен өткіздің?
Жаз қалай басталды?
Жазғы демалысыңды қайда, кіммен өткіздіңдер?
Кімдермен таныстыңдар?
- Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? Не жайлы деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс, жаз мезгілі туралы.
ІҮ. Сабақтың тақырыбын, мақсатын, міндетін айту.
Ү. Ассоциация жазу.
Жаз мезгілі - демалысқа қолайлы кез.
Керекті сөздер: ыстық, қыздырыну, шомылу, жазғы демалыс, жаз айлары, лагерь.
Жаз келді. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жазда оқушылар демалысқа шықты.
Балалар лагерьге де барды. Отбасымен саяхатқа шықты.
Тапсырма: Өткен шақта тұрған етістіктердің астын сызыңдар.
ҮІ. "Миға шабуыл". Қима қағазбен жұмыс. (оқушыларға қиылған мәтін таратылады)
Тапсырма: Берілген сөйлемдердің соңын тауып, мәтін құрастыру.
Жаз
Жаз мезгілі – демалысқа қолайлы кез. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Жаз айында балалар суға шомылады, балық аулайды. Кейбіреулері ауылға барады. Ауылдағы атасы мен әжесіне көмектеседі. Балалар жаз айында кешке дейін ойнағанды ұнатады. Алаңда ересек балалар футбол ойнайды. Кішірек балалар асық ойнағанды тәуір көреді. Жаз айында адамдар ерте тұрып, кеш жатады.
Дұрыс құрастырылған сөйлемдерді магнит тақтаға жабыстыру. Бір оқушы оқып шығады.
Дәптермен жұмыс. Дәптерлеріне күнді, тақырыпты жазып, сөйлемдерді көшіріп алады.
ҮІІ. Тест.( "иә","жоқ" деген сөздерден жауап беру)
1. Бір жылда бес мезгіл бар.
2. Көктем айлары: маусым, шілде, тамыз.
3. Жазда балалар мұзда коньки тебеді.
4. Қыста адамдар күнге қыздырынады.
5. Көктемде адамдар үйлеріне шырша қояды.
6. Наурыз айында шығыс елдері Наурыз мерекесін тойлайды.
7. Жазда күн ыстық болады.
8. Жазда балалар лагерьде демалады.
9. Жаз айларында балалар гүл жинайды, жидек тереді.
ҮІІІ. "Синквейн" жазу. тақырып бойынша 2 - сын есім, 3 - етістік, 4 сөзден құралған сөйлем, 1 - зат есім.
Жаз
ыстық, көңілді
ойнайды, демалады, қыдырады
Мен жазда ауылға бардым.
Демалыс
ІХ. Диалог." Жазғы демалыста"
Х. Сабақты қорыту. (Бір оқушы жаз туралы монолог айтып, сабақты тұжырымдайды)
Рефлексия. Мұғалімнің сөзі:
- Балалар, бүгінгі сабақта не туралы айттық, не білдік, қандай тапсырма орындадық? Яғни мен нені үйрендім? деген сұраққа жауап беру.
Психологиялық сәт " Кәне демалайық! " Балаларға бір - біріне жақсы сөздер, тілектер айтқызу.
Мұғалім: - Сабақ соңында көңіл - күйлерін қандай? Сабақ ұнады ма?
ХІ. Бағалау.
ХІІ. Үйге тапсырма. _____________________.
- Сабақ аяқталды!
- Сау болыңдар Қайда бардым?
– Естен кетпес қызықтар;
– Қандай ерекше жер көрдім?
– Алған әсерім?
– Кімнің сөзі, кеңесі есімде қалды?
– Өзіме қандай жаңалық аштым?
– Не оқыдым?
– Не үйрендім, не түйдім?
– Қай жағынан жетілдім, ілгері басушылық болды ма?!
Жаз мезгілі - демалысқа қолайлы кез. жүктеу