- 01 сәу. 2023 00:00
- 373
Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері
Жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігі туралы ата-аналар үшін жадынама.
Балалардың демалып және сау болуы үшін, ата-аналармен, туысқандарымен, достарымен демалысты ұйымдастыру кезінде бірқатар ережелер мен талаптарды есте сақтау керек.
Балаларыңызға жеке қауіпсіздік туралы айтыңыз; олармен жеке әңгіме жүргізіп, жаздағы қызығушылығын біліңіз.
Өз балаңыздың қайда, кіммен жүргені туралы үнемі біліп отырыңыз, барған орнын бақылаңыз; бөгде адамдармен сөйлесуге тыйым салыңыз. Балаңызға егер біреу оған қиянат жасағысы келсе, әрқашан кімге болса да «жоқ» деп айтуға толық құқығы бар екенін түсіндіріңіз; қандай жағдай болмасын танымайтын адамдардың көлігіне отыруға болмайтынын түсіндіріңіз; не болса да, балаңызға қандай жағдай болмасын оның болған уақиға туралы сіздің білуіңіз қажет екенін айтып, оған ашуланбайтыныңызды, оның жағында болатыныңыз туралы сендіріңіз. Құпияда ұстауға уәде берсеңіз де, кейбір фактілерді құпияда ешқашан сақтауға болмайтынын түсіндіріңіз.
Судағы жүзу мен ойындар рақаттанғаннан басқа баланың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызады. Балаңыз суда болған уақытта одан көз алмаңыз, басқа нәрсеге алданбаңыз - сол сәттегі минут қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін, балаларға жалғыз суда шомылуға, сонымен қоса білмейтін жерде сүңгуге болмайтынын міндетті түрде түсіндіріңіз, балаларға қарап отырған ересек адамның өзі де жүзуді, алғашқы көмек көрсетуді білуі тиіс, қолдан дем алдыру мен тікелей емес жүрек уқалауын жасауды жүргізуді білуі тиіс.
Жол-көлік уақиғасының құрбаны немесе себепші болмауы үшін балаларға жол жүру ережелерін үйрету қажет, жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуды үйретіңіз; велосипедте, квадроциклда, мопедте, мотоциклда балалармен жүру ережені жаттаңыз. Есте сақтаңыз! 14 жасқа толмаған балаларға велосипедті автомагистраль мен соған тең жолдарда жүргізуге, ал 16 жасқа толмаған балаларға скутерді (мопедті, квадроциклді) жүргізуге тыйым салынады.