Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жаз өкпеледі

 

Малақайды құлаққа баса киіп,

Ғаламшарға шатыры тұрған тиіп.

Таныс емес шалшықты жаз кешеді,

Жөнделмекке артқан соң күн кеселі.

Көйлегің мен жарасады кепешің,

Ажарыңды сенің жарқын ететін.

Өкпелеген сияқтысың әлдекімге тым қатты,

Сондықтан ба жаңбыр жауып тұр қатты.

Түні бойы кезесің сен, ұйқың тіпті келмейді,

Жолыңдағы жапырақты жұлып кетсін жел мейлі.

Ал біздерге татуласу керектігін тезінен,

Сондықтан да кешірім сенен өтінем.

Көптен күткен ғажайып жаз,

Оятатын таңда бізді құс үнінсіз қуаныш аз.

Күнде, сірә, күш ертең жөнделіп, оралар,

Қуатымен көгілдір экранға дем беріп.

 

Елена Игнатовская

 Қазақ тіліне аударған: Сүлеймен Баязитов


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама